Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Батыр қыз

БЛОГТАР

08 мамыр 2019
118
0

Батыр қыз

БАТЫР ҚЫЗ

сөзі мен әні: Жүнісбек Шаймерден

               

                          Мақтаймыз ел еркесін қосып жырға,

Тәтті жырды арнаймыз батыр қызға.

Ұрпақтан қалды ұрпаққа ерлік ісі,

Шын берілген халқына Маметова.

 

Қ-сы:

Өлген жоқсыз батыр қыз,

Мәңгі өшпейді даңқыңыз.

Тарихта мәңгі жазулы,

Батыр деген атыңыз.

 

Қолында күшті қару пулеметі,

Оқ боратып қайтарды жаудың бетін.

Қазақтың жүрек жұтқан қайсар қызы,

Орындады Отанға берген сертін.

 

1951

 

P.S. Ән мәтінінің он бірінші жолы түп нұсқада:

«Қазақтың Сталиндік қайсар қызы»,- деп жазылған екен.
Шашубай Шаймерденнің мұрағатынан алынды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha