Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Баян-Өлгейде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

БЛОГТАР

10 қыркүйек 2019
83
0

Баян-Өлгейде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

Бүгін Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы Орталық кітапхананың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

 

Осы іс-шара барысында екі мемлекеттің кітапханалары арасында Меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтеді.

 

Орталыққа Қазақстанның саясаты, экономикасы, тарихы, табиғаты, салт-дәстүрі және т.б. тақырыптағы 200 дана кітап дайындалды. Сондай-ақ, «Атажұрттан рухани тарту»  жобасы бойынша «Отандастар» қоры мен «Фолиант» баспасы атынан 500 данаға жуық кітап керуені барды.

 

Халықаралық жобаның мақсаты  – шет елде қазақ әдебиетін танымал ету, қазақстандық авторларды жаһандық әдеби үрдіске интеграциялау, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін,  салт-дәстүрлерін, саясатын, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.Біз казір бұл кітапханалармен тығыз байланыстамыз, бірлескен іс-шаралар өткізіп, тағы да басқа жоспарларды жүзеге асырудамыз.

 

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы алыс-жақын шетелдердің ұлттық кітапханаларында “Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтарының  ашылуы халықаралық жобасы біздің кітапхананымыздың басшысы Үмітхан Дауренбекқызының идеясымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шет елдердегі Елшіліктердің қолдауымен жүзеге асуда.

    

Бүгінгі таңда әлемнің 31 елінде Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Нью - Йорк көпшілік кітапханасы және Конгресс кітапханасы) Якутия Республикасы, Чуваш Республикасы, Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Германия, Испания, Өзбекстан  кітапханаларында орталықтар ашылып, жұмыс істеуде. Орталықтырдың ашылу барысында «Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» Меморандумдарға қол қойылды, соның аясында әдебиеттермен, тәжірибе алмасу және электронды кітапханаларына қолжетімділік орнатылды.  


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу