Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Бір тамшы жас

БЛОГТАР

16 қараша 2019
433
0

Бір тамшы жас

 

Бір тамшы жас...
Бір тамшы су, бір тамшы,
Ізім болып - 
Бір тамшыдай жыр қалшы.
Өмір деген сол тамшыдан құралған,
Өзім де мен сол тамшыдан тұрсамшы?!

 

Бір тамшы су,
Сен бар жерге көп келем,
Себебі мен шөлдегенде жеткен ем.
Бір тамшы су тіршіліктің бастауы,
Құдірет күш деп білем!

 

Бір тамшы жас...
Білесің бе бет-пернем?
Бір тамшыдан басталған жас төккен ем.
Себебі ме? Себебі...
Талай жерде сүріндіріп кеткен ең!

 

Мақсатыма талай жеткен,
Жетпеген,
Бір тамшы жас жұтып тұрып кектенем!
Өткелдерім өтпеген!
Жақсы көрем...  сөйте тұра, жек көрем.

 

Неге былай?..
Мұң кешемін текке мен,
Қуаныштың жасын талай төккен ем!
Көңіл деген тұрады екен бұлттардан,
Сол тамшыдан құралады бұлт деген.

 

Бір тамшымен бреді екен Жерге дем,
Бір тамшыдан мұхит, теңіз, көл,өзен.
Бір тамшы су дүниені тербеген,
Бір тамшыдан құралғанбыз,
Сен де, Мен!

 

Бір тамшы жас,
Қимасымды жерлеген,
Жас тамбаған көздерді де көрген ем...
Дүние де бір Алланың көзімен,
Бір тамшыдан құралады,
Жер деген!

 

Қылқобыз

 

Тозған деуге келмейді,
Озған ғасыр,
Ескілеу.
Үніне жақын жел дейді,
Дұрысы, желден естілеу.

 

Ішегі қылды талшықтан,
Үні зарлы,
Қайғылы.
Заманы бар Қорқыттан,
Белгісізі, қай жылы?!

 

Күй тартылса -
Жыр-аңыз,
Сазы жанға өтімді.
Аты оның қылқобыз,
Өзі жүрек секілді.

 

 

Қыз кеткен. Қоңыр күз

 

Қасқа күйді айтасың...
Қыздың үйден кеткені.
Басқа сыйды қайтесің,
Бұл өмірдің өткелі.

 

Билеп алған сананы,
Көңіл жатыр өкпелі.
Қаздар ауып барады,
Қараша күз жеткелі...

 

Болғанымен сұрағы,
Жуабы тек жоқ еді.
Жаңбыр ғана жылады,
Сол түсінді тек мені...


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу