Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Чехияда Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени-ақпараттық орталық ашылады

БЛОГТАР

19 желтоқсан 2019
591
0

Чехияда Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени-ақпараттық орталық ашылады

Чехиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Чехияның Клементинум атындағы Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева мен Чехия Ұлттық кітапханасының директоры Мартин Касандо арасында келіссөздер өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Ұлттық кітапхана арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қайта қол қою рәсімі өтті.

 

Келіссөздер аясында тараптар алдағы 2020 жылы Чехия Ұлттық кітапханасында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мәдени-ақпараттық орталық ашуға келісті.

 

Орталықта әр түрлі тілдерге аударылған қазақ ойшылдарының туындылары, бейнографиялар, «Қазақфильмнің» алтын қорынан көркем фильмдер, Абай өмірінен алынған әр түрлі кезеңдегі суреттер, сайт құру және орталық туралы кең ақпаратты бюллетендер ұсынылады. Орталықтың ашылуы чех жұртшылығына қазақ мәдениеті мен әдебиетін тереңірек білуге ​​мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәдениет, білім және ғылым саласындағы жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ жастардың шығармашылық кездесулерінің алаңына айналады.

 

Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева Чехия Ұлттық кітапханасына қазақстандық авторлардың тарихи, ғылыми кітаптарын, соның ішінде көркем әдебиеттерді сыйға тартты. Чехияның Ұлттық кітапханасында Абайдың чех тіліне аударылған 1950-1970 жылдардағы кітаптары бар. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің басқа классиктерінің де кітаптары бар: Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сұлтан Жантуаров, Олжас Сүлейменов, Ілияс Есенберлин, Ғабиден Мұстафин және т.б. Кітапханада сонымен қатар қазақстандық балалар әдебиетінің кең палитрасы бар.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу