Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Dior музасы. Алла Ильчунның тарихы

БЛОГТАР

05 ақпан 2019
165
0

Dior музасы. Алла Ильчунның тарихы

 

Ұлттық академимялық кітапханада «DIOR МУЗАСЫ.  АЛЛА ИЛЬЧУННЫҢ ТАРИХЫ.Сән әлемін бағындырған тамыры қазақ бойжеткен» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітап авторы, «Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының» негізін қалаушы Берлин Иришев.

 

Аталмыш іс-шара елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Кітап кейіпкері Алла Ильчун есімі аңызға айналған париждік моделдердің бірі. Оның фотосуреттері жылдар бойы француздар бен шетел газеттері және заманауи жорналдардың беттерінен түспеген. Ол атақты француз киім модельері Кристиан Диордың сүйікті моделі болған. Аталмыш кітапта Кристиан Диордың музасы, ата-тегі орыс-қазақ, жарқын бейне Алла Ильчунның есімін (1926 - 1989)  көпшілікке таныту болып табылады.     

 

А. Ильчунның модельдік жолы 20 жылға созылды. Оның экзотикалық келбеті көрермендерді баурап, үнемі журналистердің назарын аударатын. Ал оның киген көйлектерін танымал актрисалар мен аристократия өкілдері сатып алатын. Алла Ильчунды «Шығыс інжуі», «Диордың сүйікті моделі» және  модельерге халықаралық жетістік әкелген оның «музасы» деп атаған еді.        

 

Осы уақытқа дейін өзінің азиялық келбетімен сол кезде консервативті еуропалық сән әлемінде төңкеріс жасаған Диордың бірегей моделі туралы бірі білсе, бірі біле бермейтін. ХХ ғасырдың ортасында Алланың атағы жер жарған еді. Оның әлем подуимдарында жасаған салтанатты шеруі әлемдік деңгейдегі журналистер мен танымал сарапшылардың теңеулері мен қошеметіне  бөленетін.

 

1950-1960 жылдары Алланың есімін «Шығыс інжуі» деп атаудан көп көзге түсетін англосаксондық баспасөзі еді: «Экзотикалық Алла шоудың басты жұлдызы болды»; «Алланың сұлулығы мен оның көз қиығы - шоудың бас сенсациясы»; «Ең басты қошемет – шығыс сұлуы Алла Ильчунға»; «Алла - көз қиығы бадам Париж моделі»; «Оның сырлы аурасы шоуда басым түсті, ол адамды трансқа ұшыратады»...    

 

50 және 60 жылдары оның ата-тегі құпия көрінетін, ол туралы ақпарат қарама-қайшылыққа толы еді. Сонда сән бейнесі Алла Ильчун кім еді? Оның подиумға шығу тарихы қандай? Көз қиығы бадам, белі 47 сантиметр сұлу келіншек Парижге қалай келді? Диор үйіне қалай келді? Сән әлемінің сыртында өмірі қандай еді?

 

Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының (ФҚҚ) бастамасы мен атсалысуымен алғашқы рет Алла Ильчунның өмірі мен мансабы туралы сирек кездесетін ақпарат, отбасылық мұрағаттан алынған сирек фотоматериалдар, жалғыз ұлының естеліктері, халықаралық өнертанушылардың сараптамалық пікірлері және әкесі – Қуантхан Елшын жағынан қазақ болғанын растайтын бұлтартпа дәлелдері кітапта топтастырылған.

 

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, 

 

Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева, филология ғылымдарының докторы Серік Негімов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Куаныш Жиенбай, журналист, табысты бизнесвумен Динара Сәтжан, және т.б. қатысты.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу