Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
РЕЦЕНЗИЯ
ХЭЛ ЭЛРОД “МАГИЯ УТРА. Как первый час дня определяет ваш успех”

Блогтар

18.07.2017
13469

ХЭЛ ЭЛРОД “МАГИЯ УТРА. Как первый час дня определяет ваш успех”

ХЭЛ ЭЛРОД “МАГИЯ УТРА. Как первый час дня определяет ваш успех”

Бұл кітапты оқуға құрбым кеңес берді. Болмаса, мұндай тақырыптағы кітаптарды онша оқи бермеймін. Назым бір емес, екі айтқаннан кейін қандай да бір пайдасы болса керек деп, 2017 жылы оқитын кітаптар тізіміме қосып алған едім. Кеше Nurlan Janai “Саған ұнамайтын кітап бар ма?” деп жатыр еді. Осы кітап туралы рецензиям Нұрланның сұрағына жауап болатын секілді. Бұл кітапта маған ұнамаған нәрселер көп. Бірақ ең қызықсыз, пайдасыз деген кітаптың өзінен біраз дүние алуға болатыны секілді, мен де бұл кітаптан қажетті дүниелерді өзіме түртіп алдым.


Хэл Элрод өзін мақтай беретін автор екен. Ерте тұра бастағалы бері көптеген жетістіктерге жетіпті. Сосын өзінің ерте тұру программасын жасап шығады. Оның осы программасын қолданысқа енгізгендердің бәрі жетістікке жете бастапты. Сөйтіп, автор жұрттың бәрін ерте тұруға үндейді. Ол үшін будильникті ұйықтар орныңнан алысырақ қою керек екен. Жарайды, мен бұл кітапқа дейін де ерте тұратын адамдардың қатарында едім. Маған “тұр” деген уақытында тұру қиындық келтірмес. Ал кеш тұратындарға “будильникті алыс қой, сосын жуын” деген сөздер жылы төсектен тұрып кетуге мотивация бола ма? Автор қалай қиналыссыз ерте тұруға болатынын көрсетпейді. Тек “Оян, жетістікке жетесің” дей береді. Оны адамдар онсыз да біледі ғой. Бірақ ерте тұру бәрібір қиын. Сосын кітапта қайталау, өзге авторлардан цитата келтіру, бос сөздер көп. Нақтылық аз. 


Бірақ Элродтың идеясы дұрыс. Әрине, ерте тұрған адамның ырысы артық. Оны біз қазақтың байырғы мақалы арқылы да, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері арқылы да білеміз. Күн көтерілгенше ұйықтап жатқан адамның ризығы азаятынын дініміз жақсылап түсіндіріп берген. Сондықтан көп жағдайда таң намазынан кейін ұйықтамауға тырысамыз. Ал бірақ сол таңғы уақытты пайдалы өткізе алып жүрміз бе? Міне, осы сұраққа келгенде Хэл Элродтың “Магия утрасы” көмекке келеді. Мысалы менің өзім, таңғы бесте тұрып алып, бір күні Құран, екінші күні кітап оқуым мүмкін, келесі күні аяқталмай қалған мақаламды аяқтауым мүмкін. Осылай түрлі-түрлі болып кете береді. Ал Элрод күнделікті бір іспен айналысуға шақырады. Медитация, құлшылық, аффирмация, визуализация, таңғы жаттығу, кітап оқу, күнделік жүргізуге кеңес береді. Мен де осы кеңестерге қарап отырып, өзімнің таңғы уақытымды тиімді әрі пайдалы өткізудің жолдарын қарастырып, автор ұсынған схема бойынша жоспар жасап алдым. Кітаптың маған тигізген үлкен пайдасы осы. 


Бұл кітапты оқуға ешкімді шақырмаймын. 240 бетті оқуға уақыт кетіргенше, ерте тұруды қатты қаласаңыз, мына мақаланы ғана оқып шыға салыңыз. http://rb.ru/story/vy-tozhe-mozhete/ Көбірек пайдасы болатынына сөз беремін.


#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#002кітап
#кітапоқыпжарысайық
#bookisthebestfriend
#кітапlive


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: