Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ШОУ-БИЗНЕС
ҚАРАҒАНДЫ ҚАРСЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ТӨРЕҒАЛИҒА ТӨРЕЛІК

Блогтар

19.03.2018
6779

ҚАРАҒАНДЫ ҚАРСЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ТӨРЕҒАЛИҒА ТӨРЕЛІК

- Қазақ эстрада әншісі – Төреғали Төреәлінің 2018 жылдың наурыз айының 21 жұлдызында «Қатемді кешіріңдер» атты жаңа ән кеші өтеді,-деген хабарды естігелі Қарағандыдағы көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдерінен маза қашты. Өнерде жүрген аға-әпкелеріммен, ел ішінде жүрген замандастарыммен осы орайда ой бөліскенімде біздің концерт жөніндегі ойымыз төмендегідей мағынада тоғысты. Біз: Төреғалиды нашар әнші, концертін беріп, төрімізге озбасын демедік, жөнімен келсін дедік. Біздің ойымызша, кешірім сұрауға бекінген екен, тегін концерт берсін! Қазақ елі Төреғалидың Керекудегі ән сапарын ұмытқан жоқ! Қарияны беттен алғаны былай тұрсын, қазақ жастары отырған жерде балағат сөз айтуға құқығы жоқ! Қолымен істеген екен, мойнымен көтерсін. Төреғалиды тыңдарманы жоқ әнші деп айтудан аулақпыз! Біз бір ауыз «Кешірім» сөзіне ара түсіп, қара пиар жасауда қолданбасын деп отырмыз. Кешірімді жөн-жосығымен сұрасын. Тыңдармандарының шынайы ризашылығын алсын. Оны қаламаған екен, концерттің атауын өзгертсін! Сондай-ақ, мерекелік көңіл-күйді пайдаланып, елдің есін шығаруды бейсаналық тұрғыда жоспарлаудың қажеті аз.  Немқұрайлылық деген ауыр жаза!

Салтанат Кеңесбекова – Смағұлова, ақын, шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

 

- Өнерде өрге тасы домалау үшін, ең алдымен «сахна» деген киелі орынды сыйлау керек. Елдің алдында жүрсің бе, халықтан биік болма! Халықтың пейілі әрқашан кең, сол кеңшілікке басы иілгенше тағзым етіп жүргені дұрыс. Төреғалидың қазақ халқынан басқа кімі бар, ал халық Төрешсіз-ақ басқасын тыңдап жүре береді. Соны ол жігіт түсінбеді. «Кешірім» деген болады, ол жүректен егіліп шығу керек, ал оны ол жасай алмады. Ашуы адуынды екенін қанша мәрте көрсетіп қалды, қазақ «кішірейген құл болмас» деген, сол Керекулік қарияны тауып алып «ток шоу» ұйымдастырып кешірім жасасаға болатын еді. Ондай әрекет болмағасын, Қарағанды зиялы қауымы ұйымдастырмақ болды. Төреғалиды масқаралау емес, керсінше халықтың алдында абыройын көтермелеу еді, бірақ оның тарапынан келісім болмады. Енді не дейміз, бар білеріміз: қасықтап жинаған абыройын, шелектеп бір күнде төге салғанын көрдік. «Өзім білем дегеннің өрісі кеңімес» деген бар, Төреғалиға осы жолы халықтың ақшасы емес, жылы жүрегі керек еді. Залға жиналған көрерменге әнін айтып берер, онымен мәселе шешіле ме? Екіншіден, Қарағанды арқылы халық алдына шығуды ұйғарған екен, онда неге Қарағандылық зиялы қауымның пікірімен санаспайды. Қарағанды солтүстік өңірге өтетін коридор емес қой, мұнда да өнер десе өре түрегелетін, ән десе құлақ түретін зерделі қауым бар екенің ұмытпауы керек еді.

Ернар Кейкі, эколог

 

- Төреғалидің дөрекі, анайы, жабайы қылықтарын неге оңай кешіре салуымыз керек. Әрине, қазақ қалаберді мұсылман кешірімді халық. Ән айтып жүрген көптің бірі болса кешіре салар едік. Ал ол Ұлы дала баласы деген киелі, абыройлы атақты арқалап жүріп құтырған қылығы анау. Ойланып сөйлемеу тәкапарлығы осы атаққа лайық еместігін көрсетті. Смартфондағы камера алдында «Кешіріңіздер» дей салуы әлі де болса киелі халықты елемеуі, есіруі. Саналы түрде баспасөз маслихатын ұйымдастырып БАҚ арқылы кешірім сұрауы тиіс!

Айдос Бәдел, саясаттанушы

 

- Қазақтың бір баласы ғой, кешірімді болайық, сүрінген ғой,- деген сияқты жаба сіркелеуді қою керек. Сахна деген киелі жерге әбден толып-піскенде ғана шыққаны абзал. Сахна төрінде тек ән айтып қана кетпей, жастарға үлгі-өнеге екенін естен шығарып алатыны қорқынышты!

Данияр Жетимеков, күйші

 

- Халықпен ойнауға, сахнада әкесінің үйінде жүргендей жүруге болмайды.

Ержан Базарбеков, дәстүрлі әнші

 

- Жалпы фонерщиктердің жолын кесу керек. Бір өлең айтса да табиғи дауысымен айту керек. Осыны барлық əншілерден талап етуіміз керек. Егер далада құрылған сахнада əн салса онда табиғаттың түрлі құбылысынан сақтану үшін фонограммамен айтуға болады. Ал ғимаратта өз дауысымен айтуды талап етеміз. Бұл жерде мақтанып, ауыз толтырып айтуға болады, дәстүрлі əн орындаушылары  яғни домбырамен əн салатындардың шоқтығы биік қой. Қазір фонерщиктерді емес, халықтың көңілі дəстүрлі, домбырамен əн салғандарға ауысып жатыр.

Сәуле Абжанқызы, өнер жанашыры

 

- Не тақырып мынау? Ұят-ай. Орысша ойлайтын болғанбыз ба? Қай қазақ «Қатемді кешіріңдер» деген?! Екі сөзде – екі қате! Халыққа қаратып айтса, «кешіріңдер» емес, «кешіріңіздер» деу керек шығар?! «Кінәмды кешіріңіздер!» болуы керек.

Алмас Темірбай, ақын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дарын мемлекеттік сыйлығы лауреаты

 

- Кешірімді ақысыз, жанды дауыспен концерт қойып, басын иіп сұрасын. Қарағанды халқы – ең мәдениетті, талғампаз халық!

Салтанат Әбілдина, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

 

- Менің ойымша концертінің билеттерін алмай қою керек. Анау жолғы «Наинти уан» деген қызтекелер тобына қарсылық білдіргендей әрекет жасау керек. Сонда көп асқанға бір тосқан болады.

Төлен Тілеубай,  «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси газеті тілшісі

 

- Беті қайтпайтындарды бетті жігіт деуші еді ғой. Мына бетсіз жігітті де бетті жігіт дейік пе?! Беті қайтпай тағы келіп тұр ғой.

Азамат Шохшин, өнер жанашыры

 

- Бейәдеп қылығын ел ұмытқанша біраз аялдай тұрғаны жөн еді. Шошаңдамай. Біраз ақшасы азайып, қатардағы халықпен қатар өмір сүріп көрсін. Оған шыдамаса, намыссыз қазақтардың тойы көп қой, сонда бара тұрсын.

Жексен Әбдірахманов, өнер жанашыры

 

- Төре деген есіміне сәйкес азамат болса, арақ ішкендіктен жаман сөздер айтқан екенмін, деп халықтың алдында тізерлеп жылацға келе жатқан болар? Бірақ қайдам…

Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна,  «Тұлға тану» ғылыми зерттеу орталығының директоры

 

- Осындай сорақы қылығынан кейін, сол жігіттің концертіне барғандарда талғам жоқ!

Дунай Еспаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

- Ұят жоқ. Кешірім сұрап билет сатқанды кім көрген? Осыны әнші деп жүргендеп нағыз сорлылар екен!

Нұрлыбек Амангелдиевич, өнер жанашыры

 

- Кешірімді əуеді Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып концерт қоя беретін проходной двор ма?! Бұл іспен облыстық Мəдениет басқармасы айналыссын. Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтатқызу керек! Бұл не сұмдық! Бұған кім рұқсат беріп отыр. Ұйымдастырушыларды жазалансын. Қарағандыда кімдер ұйымдастырып отыр, есімдері жариялансын. Білейік фанерщиктердің жақтастарын, шын өнердің дұшпандарын.  Қарағандының жастарының бұл бастамасын қолдаймын!

Ерлан Төлеутай, әнші, өнертанушы

 

P.S.:

Баспасөз беттеріндегі, әлеуметтік парақшалардағы жоғарыдағыдай жазбалардан кейін де Төреғали тарапынан тырс еткен үн болмады. Қазақтың бір ұлы ғой, ел деп келе жатқан болар, өзіміз хабарласып, бетпе-бет әңгімеге шақырып, түсінісейік, деген ел ағаларының байламынан кейін Ерлан атты (+7 701 014 9292 Төреғалидың концертін ұйымдастырушы) жігітке хабарласып, мәмілеге шақырдық. Әншімен ақылдасып, бір хабарын бермек болған әлгі жігіт хабарсыз. «Аман-есен концерт өткізіп, ақшасын санап алып кету керек»- деп ұйғарды ма екен?! Кім білсін? Әйтеуір, концерт барысында кешірім сұрау формасын ойластырып жатқандары анық.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: