Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Қараша күні

БЛОГТАР

26 қараша 2019
224
0

Қараша күні

Қараша күні

Жел өткір

Бойымды тіліп барады.

Трамвай күтіп мен тұрмын

Атай тұр салқын қабағы.

Желде оны жатыр сабалап,

Көтерді атай жағасын.

- Қарағым, - деді қарлығып

Неше екен көрші сағатың?

- Бес болды, - дедім. Сөзімді

Әкетті тентек жел алып.

Атайдың суық жанары

Ноқатқа қалды қадалып.

- Трамвай күтіп тұрғанда

Танысқам, -  деді әжеңмен. -

Елу жыл өтіп кетіпті.

Қартаймастай көрінгем.

Желден бе әлде,

Сағыныш..

Жас ытқып кетті көзінен.

Трамвайда келді дүрсілдеп

Селт етпей тұрды қарт адам.

Жүріңіз деп ем күрсініп

Шегінді артқа бір қадам.

Орнында қалған қозғалмай,

Ой салды маған қарт кісі.

Уақыттан аттап оза алмай

Есінде албырт жас күні.

Адам мен табиғат ұқсайды

Күзбен тең адам қарттығы.

Қараша күнгі суықта

Адамдар жазды аңсайды


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу