Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

27.01.2021
4535

Қашу

Қашу

І


Кейде сол...
Тарбаңдап сәтсіздік, мұң болып келеді,
Табаны тимейтін жері, жоқ себебі,
Аңдумен, іздеумен жүреді,
Ой деген осы ғой...
Тұп-тұнық жаныңа,
Төбеңнен сіңеді.

 

Кейде сол...
Сені іздеп, жоқ жерден табады,
Көңіл жабықса...
Өртенбеуге болады – жанып та!
Жаңбыр да биіктен жылайды құласа,
Ойлар да жыласа, айып па?!.

 

Кейде сол...
Сүймеуге болады – сүйіп те,
Сонда да ойлауға құмартып тұрасың,
(Қол жетпес биікке.)
Білдірмей болады жаңбырдай жылауға,
Өмір сүруге болады, күліп те.

 

Кейде сол...
Өзіңмен өзің жүргенің, бос – егес,
Қасыңда болмаса дос – елес.
Жауған жаңбыр да көз жасыңдай,
Сол,
Мөп-мөлдір, бірақ та... ащы емес!

 

 

II

 

Ой...
Таңда, көктемнің гүліндей бүр жарады,
Хош исі, жұпары аңқыған билейді сананы.
Ит тұмсық өтпейтін ну тоғай ішінде,
Бас деген... Барсакелмес аралы!

 

Ой...
Мұздаған миыңда от болып жанады,
Қайнаған майданның қақтығыс алаңы.
Мый деген мұнара басынан маңайын шолады,
Ол – ойдың қамалы.

 

Ой...
Келгенде, жарқ етіп биіктен шырағы,
Күтпеген құдайы қонағы, төрлетіп төріңе шығады.
Жаңбырлы желіңдей ұйытқып бір соғады,
Жауап көп, одан көп сұрағы.

 

Ой...
Сан тарау тамырдай тарамы,
Сыйқырлы бояуы ашылған жоқ әлі.
Қанша том кітаптай адамның тағдырын жазады,
Сиясыз қаламы?!.

 

 

Аспанның бесінші сатысы

 

Жатарда...
Бәрін де ұмыту, сәл мұңайып,
Жүрдік көп... қатарда қарайып.
Ғасырлар күттірген –
Дәуір бұл,
24 сағатың –  8 сағатқа азайып!..

 

Назарға ілініп ойларың,
Ашылған секілді есігі алтын бар қойманың.
Өзіңді танымай тұрасың, мен бе деп,
Алдында айнаның ?!.

 

Жарқылдап тұс-тұстан көгілдір сәулелер,
Жаныңа арнаған нәр берер.
Адамға бас иіп, көп күткен босдандық...
Алладан – ол келер.

 

Табиғат күш беріп, қуаты келеді аспаннан,
Сауап сарайы – Машхардан.
Мына өмір сені де таниды, қарасаң айнадан,
Жаңа өмір осылай басталған!..

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: