Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтті

Блогтар

15.01.2019
4906

«Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтті

 «Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтті

 

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші болып өтті.

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау керектігі айтылған болатын. 2019 жылы «Ұлы тұлғалар» сериясының аясында халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның ауқымында атап өтілетін болады.

 

Халық әртісінің аты қазақ киносының тарихында мәңгілік жазылып қалады. Қазақ кино өнерінің шебері Әмина Еркожақызы 68 жыл бойы қазақ театрында 150-ге жуық рөлді ойнады, 20-дан астам фильмге түскен. 1968 жылы экранға Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» атты музыкалық, комедиялық фильмі шықты. Актриса ол кинода басты рөлді ойнады. Ал 2016 жылы (Абай ауданында) қазақ театры мен кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған ескерткіш ашылды.

 

Іс-шараға «Өнер тарихы» кафедрасының доценті, кинорежиссер, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі Назира Мукушева, кинотанушы, өнертану ғылымдарының магистрі Камила Әлімжанқызы, сондай-ақ, қоғам және мәдениет қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

 

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: