Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Қазақ және ағылшын тілдерінде қанша ұқсастық бар?

БЛОГТАР

05 қараша 2019
1249
4

Қазақ және ағылшын тілдерінде қанша ұқсастық бар?

    Сәлеметсіздер ме, қадірлі оқырман! Өткен сұхбатта уәде бергенімдей, жеке тақырып ретінде «Қазақ және ағылшын тілдер арасындағы ұқсастықтар» атты жаңаша және тың тақырыбын алып отырмын. Аталмыш жұмыстың толық нұсқасын осы сайттан, келесі сілтемеден таба аласыз: https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359. Сонымен, Батырбек Бағышбекұлы, қош келдіңіз! Қайта қауышқанымызға қуаныштымын. Қазақ және ағылшын тілдер арасында қанша ұқсастық бар екен?

- Әрине, бүкіл ағылшын тілін (бүгінгі ағылшын тілінде бір миллионға жуық сөз бар) егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік те, уақыт та болмады.

 

- О, осыншама бай сөздік қорды зерттеуге бір ғұмыр жетпейтін шығар!

 

- Әрине. Алайда, мен 2016-2017 жылғы ағылшын тілінің оқулықтары мен сөздіктерін оқып, ізденіп, жалпы өз еңбектенуімнің нәтижесінде мыңға жуық тіларалық ұқсатық таптым. Мен оларды бірнеше топқа жіктедім, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, фонетикалық және грамматикалық ұқсастықтар. Ең көбі, әрине, лексикалық ұқсатықтар. Яғни, 980-ге жуық ағылшын сөздері қазақ сөздеріне әрі мағына, әрі жазылу, әрі дыбысталу жағынан ұқсайды екен. Ол сөздер бір-біріне омофондық, омографтық және семантикалық-синонимдік сипат бойынша ұқсас болғандықтан, мен оларды өзім «ТӘҰ – Тіларалық Әмбебап Ұқсастықтар» деп айтамын. Бұл ресми термин емес!

 

- Иә, аты жоқ болса да, заты бар ғой! Мен білуімше, сіз бұл таңқаларлық ұқсастықтарды бір кішкентай жұқа сөздіктен ғана тауып алдыңыз. Солай ма еді?

 

- Әрине, солай. Ал егер мен (егер, әрине, оған күшім жетсе (күледі)) «Большой Оксфордский Словарь Английского языка» деген көп томдықты зерттесем, әлбетте, ұқсастықтар одан да көп табылуы мүмкін.

 

- Жалпы, бұл өте қызық жағдай екен. Біз білетініміздей, қазақ сөзі Түркі тілдер отбасының Қыпшақ тармағынан шыққан, ал ағылшын тілі Үнді-Еуропалық тілдер отбасының Батыс Герман тармағынан, яғни мүлде басқа тектен шыққан еді...

 

- Дәл солай! Екі тіл бір-біріне тіпті «жекжат» та емес, дегенмен соның өзінде парадоксалді түрде мыңға жуық ұқсастық табылды. Тағы бір маңызды факт, мен кәсіби «ескішіл» лингвисттер сияқты түркі кірме сөздерін тек ортағасырлық лексикадан (оның өзінің үлесі ресми дерек бойынша бар жоғы 5-6%-дан аспаған екен!) іздеген жоқпын, мен әдейі көбінесе бүгінгі ағылшын тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы ұқсастықтарды іздедім.

 

- Демек, сонда сіздің зерттеуіңіз филология мен тарихтағы қатып қалған «қағидаттарды» жоққа шығарып тұр ма?

 

- Олай айту тым батыл болар еді. Дегенмен, белгілі бір мағынада солай десек те болады. Себебі, кішкентай ғана сөздіктің өзінен табылған мың ұқсастық, Қыпшақ тілінің тарапынан Батыс Герман тілдеріне әлдеқайды көбірек ықпал еткендігін меңзеп тұр. Бұған менің ғылыми дәлелім әзірше жоқ, өкінішке қарай. Дегенмен, біздің ресми ғылым әлі өте көп нәрсені білмейтіні рас, құпия әлі көп. Сол көп салалы ұқсастықтар қалай пайда болды, қайдан туды, неліктен пайда болды деген сұрақтар тым көп. Менің ғылыми жұмысым кәсіби(!) тіл мамандарына, тарих мамандарына тіларалық ұқсастықтар тақырыбына тереңірек қарауға, жаңа ғылыми академиялық зерттеулерді жасауға түрткі боларына сенгім келеді.

 

- Менің де сенгім келеді, себебі қазақ пен ағылшын тіл арасындағы ҚАТЫНАСТАР жаңа, тың және өте аз зерттелген тақырып. Фонетика - тіл білімінің іргетасы. Енді біздің оқырмандарға бірнеше фонетикалық ұқсастықтарға мысал келтіре өтсеңіз.

 

- Әрине, мысалы ағылшын тілінде Ң дыбысына ұқсас (-ng дифтонгі), Ө дыбысына ұқсас (-іr, -er дифтонгі), Ә дыбысына ұқсас (-қысқа екпінсіз дауысты дыбыс «sad, cat, map және т.б.»), Ү дыбысына ұқсас (tune, soon, ruin т.б.) ағылшын дыбыстарын айта аламыз.

 

- Иә, мәселен, франуз тілінде де біздің Ң, Ү және тіпті Ғ деген дыбысқа ұқсас фонемалар бар. Ең қызығы славян тілдерінде ондай фонемалар жоқ. Неліктен? Славян тілдері бізге географиялық тұрғыдан Еуропа тілдерінен жақынырақ емес пе?

 

- Бұл өте үлкен лингвистикалық құпия! Кейде алыс елдердің тілдері жақын елдердің тілдерінен әлдеқайда ортақ қасиеттерге ие болады, алайда бұның нақты және арнайы ғылыми себебін айту өте қиын. Бұған бір емес, бірншее елдің тіл мамандарының және тарихшыларының бірлескен зерттеу жұмыстары керек. Сөзімді жалғастырайын, өте қызықты синтаксистік ұқсастықтар. Мысалы, шақ білдіру үшін ағылшындар да, қазақтар да бірнеше етістікті (немесе функционалды түрде етістікке жақынырақ есімше, көсемші, үстеуді) бір сөйлемде қолдануға мәжбүр. Сондықтан қазақтың түрлі шақта тұрған сөйлемдерін ағылшын тіліне дәл аудару өте оңай. «Мен бара жатырмын» деген «I am going», бұл жерде «am» де етістік (auxiliary verb), «going» те етістік (infinitive verb). «Мен бара жаттым» деген «I was going», бұл жерде жаңағы «am» көмекші етістігі «was» деген өткен шақтағы формасына ауысты. Біздің қазақша мысалда да «бара» деген негізгі етістік өзгеріссіз қалды да, ал «жату» деген қосымша етістік «жатырмын»-нан «жаттым»-ға өзгерді.

 

- Иә, иә, мен енді назар аудардым! Әрине, «Мен бара жатармын» дегенді, орыс тіліндегідей «я пойду» дей салмай, нақтырақ етіп «I shall be going» деп айтуға болады. Әйтпесе, «я пойду» дегенді мен «мен барармын» немесе «мен бармақшымын» дей салуға болады ғой. Менде сұрақ: шақтың Perfect формасындағы ағылшынның сөйлемдері есімше арқылы аударылады иә? Аударманың сіздің өз авторлық нұсқаларыңыз бойынша  айтыңызшы.

 

- Дәл  солай! Мысалы, орыс тіліне аудару кезінде ондай дәл тәржімалау  «фокустарын» жасау қиын, келісесіз ғой! Мысалы, «I have gone» дегенді «мен барып қойдым» деп, «I had gone» дегенді «мен барған едім», ал «I shall have gone» дегенді «мен барып қоймақпын» деп аударуға болады. Тіпті Perfect Continuous формасындағы сөйлемдерді аудару жеңіл, мысалы «I have been going» - мен барып қойыппын, «I had been going» - мен барып қойған едім немесе мен барған тұғынмын, ал «I shall have been going» - мен барып қоярмын. Бұл жерде нұсқалар көп болуы мүмкін, алайда ең бастысы ағылшынның ең күрделі сөйлемдерін қазақ тіліне аудару жеңіл. Менің негізгі мақаламда тіпті жалғау мен жұрнаққа қатысты да көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, post-man, rich-man, police-man және т.б. жанды зат есімдердегі «-man» жұрнағы біздің «-ман, -мен» жұрнағына сәйкес: шабар-ман, көрер-мен, қаһар-ман және т.б., ал етістіктегі «-n» біздің «-ғаН, -геН» жұрнақтарына ұқсас, мысалы stoleN – ұрланғаН, brokeN – сынғаН,  shakeN – шайқалғаН және т.б. іспеттес морфологиялық мысалдар өте-өте көп. Тіпті қазақ тілінде жоқ артиклдермен жазылған сөз тіркестерін де қазақ тіліне аударуға болады. Мысалы, Give a pen қалам бар, Give the pen – қаламДЫ бер және сол сияқты...  

 

- Аса қызық! Алайда, біз уақыт тығыздығынан, тек лексикалық ұқсастықтармен ғана сұхбатымызды тәмамдайық. Ағылшынның біраз сөздерінің қазақ сөздеріне әрі жазылу, әрі дыбысталу, әрі мағына(!) бойынша ұқсас екендігін дәлелдедіңіз. Енді сол лексикалық ұқсастықтарды мен сұхбаттың соңына қоямын. Осындай қызықты әрі мазмұнды сұхбаттар көп болсын. Батырбек Бағышбекұлы, сізге тек шығармашылық табыстар тілеймін! Сұхбаттың форматын ескере отырып, мұнда 1000 емес, тек 100 ұқсастық ғана келтірілген. Қалған ұқсастықтарды осы сілтеме https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/1359 арқылы авторлық құқығы қорғалған мақаладан көруге болады.

 

 

Ағылшын сөзі

Қазақ сөзі

Аудармасы 

1. Abdicate 

Әбден кет

Бас тарту, кету

2. At (жарг.) 

Ит

Ит

3. Ark 

Арқ-алау

Жәшік

4. Abase  

Әбес-тік

кемсіту

5. Abbei 

Абай

Адамның аты

6. Ability

Қ-абілетті

қабілет

7. Ably

Еп білу, ебі біл

қабілеттілік

8. Abuse

Әбес, ал бұз

Ұрысу, жерлеу (ұрысу)

9. Academy

Әкемде ми

академия

10. Access

Ақысыз

Қол жетімділік

11. Ace

Әккі, ес-ті, әке

Ең тәжірибелі

12. Ache

аш-у

ауру

13. Acid

Ашид-ы

қышқыл

14. Adam

Адам

Жер, Адам (есім)

15. Adamant

Адам ант-ы

Қайтпас 

16. Adding

Әдіптеуің

Қосу, біріктіру

17. Addy

Әди

Адамның аты

18. Adely

Әділ

Адамның аты

19. Adept

Әдепт-і

білімпаз

20. Advice

Әдіс

кеңес

21. Again

Ағайын

Тағы да

22. Age

Әже, аға

дәурен

23. Agile

Ақыл

жүйрік

24. Aiden

Айдын

Адамның аты

25. Aim

у-айым

мақсат

26. Ain

Айым

Адамның аты

27. Air

Әуе

ауа

28. Akin

ж-ақын

туыс

29. Alarm

Алаң-дау

дабыл

30. Alas

Алыс, лас, алас-тау

өкініш

31. Albeit

Әлбет-те

Тіпті егер...

32. Alert

нӘЛЕТ

қауіптену

33. Ali

Әли

Адамның аты

34. Alive

ӘЛі Бар

Тірі, әлді

35. All

Әл-ем, Алла

Барлық

36. All right

Жарайды

Жарайды (мақұл)

37. Alley

Аула, аулақ

аллея

38. Allot

Әулет

Тарату, таратып беру

39. Allure

Алу

Баурап алу

40. Alma

Алма

Адамның аты

41. Alms

Алым, әліміз

садақа

42. Animal

Аң, мал

жануар

43. Answer

Аңсар, аңсау, м-әнісін бер

Жауап беру

44. Apart

Алып бар, апард-ы

Бөліктеу, бөлу

45. Apt

Епт-і

епті, жарасымды

46. Arch

Арқ-а, аш (есік)

Свод, арка, бүгу

47. Arise

Арай, өріс, өресі

(күн) шығу, пайда болу

48. Arran

Айран, арлан

Эран (ағ.жері)

49. Ash

Арша

ясень

50. Ask

Есік

Сұрақ қою

51. Ass

Ес-ек

есек

52. Assassinate

(дарға)асасың

өлтіру

53. Assert

Әсер ет

Утверждать, отстаивать

54. Astrakhan

Қажы Дархан (қазіргі Астрахань)

каракуль

55. Atheist

Әдей іс(теу), әдейі із(дену)

күпір

56. Atkins

Айдын

Адамның аты

57. Attach

Атақ

тағу

58. Attain

Аттану

Жетіп бару

59. Audit

Әй-дейді, аңдиды

Тексеріс, ревизия

60. Auger

Егеу, егер

Бурав, сверло

61. Aureole

Орай ал

ореол

62. Aurora

Арай-лым

Таңғы арай

63. Author

Өзі өр

автор

64. Autumn

Ой тұм-ан, ауа тұм-ау

күз

65. Ava

Ая

Адамның аты

66. Avaline

Айналайын

Адамның аты

67. Ayla

Әлиә, аула

Адамның аты,  ағ.жері

68. Aylesbury

Алыс бұру, алғыс беру

Айлисбэри (ағ.жері)

69. Ayr

Айыр, ая

Эйр (ағ.жері)

70. Azure

ажар

Көк аспан

71. Baby

Бөпе

сәби

72. Bad

Бәд-ік

жаман

73. Bail

пейіл

кепілдік

74. Bald

Болд-ы

тақырбас

75. Bale

Байл-а

жүк

76. Ball

Бал (ашу), бал-а

Шарик, доп

77. Barely

Бар әлі

едва

78. Base

пәс

Пәс, төмен

79. Basic

бесік

Негіз, іргетас болу

80. Basis

басы

Негізі, базис

81. Bath

Бат-у

ванна

82. Battle

батыл

шайқас

83. Battler

Батыл ер

күрескер

84. Be

Бұ(дүние), би(лік)

Болу, бол!

85. Because

Бұ кез, бұ(ның) көзі (себебі)

себебі

86. Beck

Бек-ен

Адамның аты

87. Beetle

Бітел-у

трамбовка

88. Begin

бүгін

бастау

89. behind

Бекінд-і

артында

90. Belch

былш

Извергать (лаву)

91. Belief

біліп

сенім

92. Belly

белі

іш

93. Belt

Белд-ік

белбеу

94. Bennet

бейнет

Киелі, Бэннэт (адамның аты)

95. Better

(одан да) бетер

жақсырақ

96. Between

беттессін

Арасында, ортасында

97. Big

биік

үлкен

98. Bill

біл

Есеп-қисап

99. Bird

Бөд-ене

құс

100. Birth

Бос-ан, берш-і, бүрш-ік (жару)

туу

 

 

P.S. Жоғарыдағы материал автордың жеке патенттелген жұмысынан алынған. Авторлық құқықтары қорғалғандығын ескертеміз!

P.S. Внимание! Приведенный материал был процитирован из авторской запатентованной работы. Предупреждаем, что существует закон охраняющий авторские права!

 

Сұхбаттасқан: Риза Ысқақ


Бөлісу:
     

Пікірлер (4)

Самал

03.09.2019 23:28
қызық мақала

Риза Ысқақ

05.09.2019 01:50
Самал ханым, рақмет!

Гулим Агыбаева филолог

04.09.2019 00:28
Негізінен жақсы сұхбат. Дегенмен, көбірек сұрақтар қою керек еді, оның үстіне тақырып оқыс, жаңа, мәлімет тың, жаңашыл. Ризаға бұл жұмысты ғылым тарихымен көбірек ұштастыру керек еді. Мәселен, осыдан қырық жыл бұрын Олжас Сүлейменов "АзиЯ" еңбегінде Қыпшақ тілі мен Славян тілі арасындағы қатынастың тереңірек және ауқымдырақ екендігі жайлы дәлелді ойлар білдірген еді. Алайда кәсіби (тым академияшыл) лингвисттердің бір бөлігі "АзиЯ" еңбегін әлі күнге дейін аздап "сыйламайды" деп айтуға болады, өкінішке орай. Сонымен қатар, қазақ тілі мен неміс тілі арасындағы ұқсастықтар да жиырма жыл бұрын зерттеле бастаған еді, алайда ол жұмыстар онша танымал бола қойған жоқ. Енді 2017 жылы қазақ тілі мен ағылшын тілі арасындағы ұқсастықтар туралы "Үрістембеков кестесі" деген жұмыс пайда болған екен. Әрине, бұл кейбір кәсіби тіл мамандары, әсіресе ағылшын тіл мамандары үшін "даулы" болуы мүмкін жаңа тың зерттеу (не стандартный). Үрістембековтің "Қыпшақ тілі Батыс Герман (ерте ағылшын) тіліне тереңірек ықпал еткен, сондықтан ең кем дегенде(!) мың ағылшын сөзі қазақ сөздеріне жазылу, оқылу және МАҒЫНА жағынан ұқсап тұр!!!" деген бір қарағанда "әуесқой" боп көрінетін теориясын енді әлдеқайда "кәсіби" біреулер өз тарапынан академиялық деңгейде дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын (бірақ "тысячу случайных совпадений" бір мезетте орын алуы мүмкін бе?! меніңше, жоқ!) әлі де талай-талай ғылыми еңбектерді талап етіп тұр. Ол жұмыстарды кім жасайды?! Өзін "ғылымдағы классик" деп ойлайтын жүз жасар кейбір өзіміздікі немесе әлдебір "Хогвардсты"(қалжың) бітірген шетел академиктері? Бүгінгі немесе ертеңгі отандық немесе шетелдік жас ғалымдар? Батырбектің өзі? Әуесқой, алайда дарынды зерттеушілер? Немесе бұл зерттеу жылдар бойы жай сөреде тұра бере ме?! Білмеймін. Дегенмен, өткендегідей Батырбекке сәттілік!!! Ризаға жаңа жақсы мақалалар мен сұхбаттарды тілеймін!!!

Риза Ысқақ

05.09.2019 01:51
Гүлім ханым, бұл тақырыпта бұйырса біржола ғылыми жұмыс жазармын
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу