Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлына 175 жыл

БЛОГТАР

12 қыркүйек 2020
144
0

Қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлына 175 жыл

Абай бізге мұқтаж емес, біз оған мұқтажбыз!

Абай бар болғаны бір ақ кітап.

Бірақ, оған бүкіл қазақтың болмысын сыйдыра білген...

                                                                     

 Б.Тілеухан.

 

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. Айтылған сөз, жазылған жауһар ойлар бірінші кезекте соларға бағытталады. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын меңзейді. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің» – деп толғайды ұлы ғұлама. Замана атты ұлы күштің, феодализм дәуірінің құрсауында қалып қоймай, ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді.Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет.

 

Мақала авторы: Құдайберген Әмина

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу