Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

21 қазан 2019
271
0

Қолтаңба

Біреу қалып, біреу озған өмірде

Болу керек шын қолтаңбаң сенің де.
Жансын десең ай-жұлдызың жарқырап
Биіктегі түнгі аспаннан төрінде.

 

Кейде аспанның жұлдыздары тым жарық
Түн баласы тұратұғын нұрланып.
Таласады мың жұлдыздар алыста
Адамдардай жымың қағып, сыр бағып.

 

Сол биікте басқа әлемдер бар дейді
Содан болар жұлдыздар да сөйлейді.
Күліп, ымдап, қызарады ұялып
Мың құбылып ол да тыным бермейді.

 

Түндер солай, күндер солай өтеді
Кейде қуып, кейде озып кетеді.
Уақытты құр жоғалтпау үшін де
Армандармен өмір сүрсең жетеді.

 

Ағып өтіп алыстаған жылдардай
Жұлдыздар да қол созымда тұрғандай.
Сол күндерден сезінесің бақытты
Мына өмірге бақыт үшін туғандай.
                                           

 

25.05.2017
                        

 

***

 

Тоқтағандай күндерім бүгінге кеп
Ақыл берді алқынба, сүрінбе деп.
Ойым тұрды бүгінге разы боп,
Өткен күнге өкінбе, бүлінбе деп.

 

Мен сырласып тұрғанда осы сәтпен
Сағат тілі шықылдап ары кеткен.
Жолдар жатты шақырып тағы алдымда
Арман отын кеудеме жағып өткен.

 

Сол адамдар барсам да қай тарапқа
Ойға орады айлап та, апталап та.
Балға қосып біле алмай у да іштім
Тәтті екен деп сімірдім қайталап та.

 

Қарсы алғанда пәк ниет, ақ көңілмен
Ешкім де жоқ көзіме жат көрінген.
Мағыналы жырлармен өрнектедім
Өмірімнің жазулы дәптерін мен.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу