Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
БІЛІМ
кітап оқудан қалып барамыз

Блогтар

19.10.2018
8089

кітап оқудан қалып барамыз

Кітап оқудан қалып барамыз

 

-        Менің балам ақылды. Бір жасқа толмай жатып, ұялы телефонды өзі қосып алады, - деп мақтанды 5 жасар бала жетектеген келіншек. Қасындағы да:

-        Менің де балам телефонды бермей қойсам, жер тепкілеп жылайды. Өзі «youtube»ке кіріп, керек музыкасын тауып алатынын қайтерсің,- деп  қалысар емес.

Бала - жазылмаған ақ парақ. Нені қалай жазасың, сондай адам болып қалыптасады. Не көрсетсең, соны қағып алатындығын пайаланып, тек қажетті, өміріне азық болар машықтарды меңгерткен жөн. Телефонды, интернетті шектеусіз қарата берудің зиянды жағын да ойлау керек.  Өкінішке қарай, қазір кішкентай баладан бастап барлығымыз телефонды қолдан тастамаймыз.  Интернетке кіріп алып, виртуалды өмірде отырамыз. Айналадағының барлығын ұмытамыз. Туған-туыс, дос-жаранмен сол виртуалды өмірде «сөйлесеміз». Былайғы кезде бір-бірінің жүзіне қарап отырып, емен-жарқын сөйлесіп, араласу дегеннен қалып барамыз. Ғалым-мамандардың өздері қазір сумилану  процесі жүріп жатыр деп дабыл қаға бастады. Ұялы телефонда ватсаппен келген небір хабарларды,  видеоларды одан қалды фейсбук, вк, инстаграм т. б.желіде жүктелгендерді, тіпті теледидардағы  ақпараттарды үзіп- жұлып қараудың кесірінен қалыптасатын клиптік ойлаудың аяғы сумилануға әкеп соғады дейді олар.

Клиптік сана деген не?

      Бұл термин ХХ ғасырдың 90-шы жылдары пайда болға. Шығу төркініне үңілер болсақ, «сlip» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «фильмнен үзінді немесе газеттен алынған қиынды, бөлік» деген мағынаны білдіреді екен.              

     «Clip» дегенде бірден музыкалық клиптерді ойлаймыз. Әншілер әндеріне клип түсіргенде,  өздерінше сол әнге байланысты көріністер тізбегін бере отырып, құрастырып шығады.  Қарап отырсаң, көбіне музыкалық клиптерден ешқандай мағыналық дүние көре алмайсың. Кейде тіпіт бір біріне үйлеспейтін бейнекөріністерді көреміз.  Клиптік сана-сезімде  адам әлемді  өзара байланыспаған, тіпті оның өміріне қажет болмайтын  бөліктер арқылы қабылдайды. Одан адамның қоғамда болып оқиғалар мен жәйттерді,  өзгерістерді    талдай алмайды, қарым-қабілеті ақсай береді. Ақыр соңында  ол клиптік сана иесіне айналады. Өйткені, алған ақпараты сол сәтте есінен шығып кетеді, оның орнын жаңа қараған ақпарат басады. Осылай, басында ештеңе  қалмайды.

 Сондықтан интертнетте отырып  көргендеріміз бен желідегі мың сан ақпараттарды шолып шығып, өзімізше бәрінен xабардар болып отырмыз деп күпініп отырғанымыздың барлығы бекер.  Шындығында клиптік сана – сезім шеңберінен шыға алмай, сумиланып қала бергенімізді өзіміз де аңғармаймыз. Телефон мен интернеттің құлына айналып, шолақ ойлы, жүйкесі тозған, ешкіммен тіл табыса алмайтын, бақытсыз пендеге айналамыз.  Яғни  терең де  қонымды ойлау, талдап бір  тұжырым жасау дегеннен алшақтай береміз. Саусақпен жылжыта отырып, ұялы телефондағыны сырғыта қарап, сыпырта оқығаның пайдаға аспайды. Сол күйінше сырғып, миыңда қалмастан, көкейіңде тоқылмастан, түпсіз тұңғиыққа  жоқ болып, кете барады. Рухани азық алмаған адам өзінен өзі аза береді.Ондай азған адамның ешкімге керегі де болмай қалады. . Денсаулық пен алтыннан қымбат уақытыңды текке  жоғалтудың зардабын тартқан кезде өкінесің.

Клиптік санаға қарсы күрестің жолы-кітап оқу

    Балалар кітап оқымайды деп қойып, қазір үлкендер де ұялы теелфоннан көз алмайды. Тіпті той- томалақ, садақаларда алақандай қалта телефонға үңілгендерді көреміз. Әңгіме- дүкен құру, шүйіркелесу азайды. Әрине, ұялы телефон керек, онсыз күн жоқ, заман талабы - онсыз шаруа бітпейді. Бірақ бір уақыт балаларымызға, ет жақындарымызға, достарымызға көңіл бөлейік. Руxани азық алу жағына мән берейік. Адами қарым -қатынасқа жетер ештеңе жоқ. Бір күн соткасыз, интернетсіз жерге кетіп қалып, жақындарымызға уақыт бөлейікші. Көп нәрсені жіберіп алғанымызды түсінеміз.

Сондықтан қазірден бастап клиптік санамен күресу керек. Ол үшін не істеу керек деген сұарқытң жауабы –кітап оқу.

 Өкінішке қарай, балаларды үйрететін үлкендердің өздері кітап оқымайтын болып кетті. Журналға жазылуды насихаттап не болмаса түрлі рухани құндылықтар туралы, рухани жаңғыру тақырыбында лекциялар оқуға түрлі аудиторияларға барамын, әр түрлі жастағы оқырмандармен кездесемін. Сол кезде кітап неге керек, журнал неге керек, қазір бәрін интернеттен тауып алып, ұялы телефон арқылы оқи салатын заман заман деген уәж айтатындар табылады. Мен оларға:

«Солайы  солай ғой. Тек тап сол сөзді айтып отырғандардың, рухани азық алар дүниелерді интертенттен атуып алып, телефоны арқылы оқитындығына күмәнім бар. Оқыған күннің өзінде телефонды сипалап, қалай сырғытып қарайды, оқығандарының барлығы солай сырғып миынан шығып кетеді. Мұның барлыығ кейін қартайғанда Альцгеймер сияқты ауруларға әкеп соқтыратынын біле бермейді.

Сондықтан адамға үнемі  миды жаттықтыруып отыру қажет. Ол үшін кітап-журнал оқып, оқығаныңды ой елегінен өткізіп, үнемі миға салмақ салып, жұмыс істету қажет. Кітап-журналды қолыңа алып, парақтарын қолмен ашып оқудың өз ләззаты бар. Саусақтар арқылы берілетін әсері өзгеше. Оған кітап-журнал парақтарының иісін қосып қойыңыз. Мұның барлығының  өз әсері бар. Одан кейін оқығаныңды түсінбей қалсаң, қайтадан сол бетке оралып, қайта оқуға болады. Бұның барлығы рқыған дүниеңнің баста сақталып қалуына әсер ететін былайша білінбейтін факторлар » деп жауап беремін.

  Ғабит Мүсіреповтің «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан тыйылар едік» деген сөзі бар. Шынында да, кітап оқу ой жүйесін дамытады, күйзеліске түсірмейді, сөздік қорды байытады, Альцгеймер ауруынан сақтайды, сенімділік береді, креативтілікті дамытады, ұйқыны жақсартады, ми белсенді қызмет атқарады, есте сақтау мен логика жаттығады, зейін зор болады екен. Кітап оқудың пайдасын санай берсек сан жетпейді. Сондықтан да ұлы Шекспир «кітап маған тақтан да қымбат» деген болар.

Пойызда кетіп бара жатқандардың оқуға деп өздерімен алып шығатын детектив пен өсек-аяңға құрылған, сатылым үшін көптеп шығарылатын жеңіл-желпі роман-сымақтарды кітап оқыдым деп аузын толтырып айтатыны және бар. Кітап оқы дегенде, кәдімгі әдеби басылымдарды, классикалық шығармаларды  оқу керек, тек солар рухани азық болады

Кітапxанашы кітап оқуға шақырады

Қазір бұл бағытта Ақтөбеде жақсы шара қолға алынды. Қала ішіндегі адам көп шоғырланатын орындарда ашық аспан астындағы жылжымалы кітапханалар ұйымдастырылып жатыр. Жаз бойы оқырман кітап оқиын деп арнайы кітапханаға барып жүрмейді,  кітаптың өзі  оқырмандарына  барады.  Бала-шағаларымен таза ауамен тыныстауға, қала аралауға шыққандарға өте қолайлы. Баласы ойнап жүргенде, өзі отырып кітап оқиды. Тіпті немерелеріне оқып береді. Бұның барлығы оқырмандаы тарту мақсатында жасалды.

-        Мынау бір керемет екен. Немереммен келіп едім. Ертегі кітабын алып, осы жерде оқып беріп отырмын. Үнемі телефонға шұқшиып көзінің көру де нашарлап кетіп еді. Бұл телефон деген пәледен айыру қиын болып тұр. Күштеп көшеге алып шыққанмын. Мына жерде кітап оқуға жағдай жасағандарына қатты қуанып кеттім,-дейді өзін Сәуле деп таныстырған ақ жаулықты ана.

-Соңғы уақытта кітап оқу дегенді қойып кетіп едім. Өтіп бара жатып, мына жердегі кітаптарды көргенде, айналып ктее  алмады. Ала салып, міне кітапқа үңіліп отырмын. Негізі кітап оқыған деген жақсы ғой, -дейді Арыстан аға.

Қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен  Кітапxанашы кітап оқуға шақырады атты ақпараттық-танымдық акциясы әр сенбі-жексенбі күндері 12 мөлтек ауданындағы демалыс аллеясында, KeruenCity алаңында, Абай атыдағы  даңғылдағы гүлзарда, 8 мөлтек ауданындағы Ғашықтар аллеясында  өтті.

Жұмасұлу Матаева, Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері:

-        Бұл - Буккроссинг кітап көрмесі  қала тұрғындарына, оның ішінде балалардың демалыс күндерін тиімді өткізуі үшін  ұйымдастырылды. Көрмеге 231-ден  астам кітап, оның ішінде балаларға арналған 85-ге жуық басылым және 67-ден астам мерзімді басылымдар(газет-журналдар) қойылды. Қала тұрғындары мен балалар 157-ге жуық кітапты үйге оқуға алды,-дейді.

 

Әйгілі журналист  Асқар Сүлейменов «қолдан-қолға ауысып жүріп

оқылмаса, оның несі кітап» деп, өзі оқып болған  кітапты басқа біреуге бере салады екен. Дамыған елдерде тұрғындар көп жиналатын саябақтарда, көше бойындағы орындықтар маңында, супермаркеттер алдында көше кітапханалары жұмыс жасайды екен. Әрбір оқырман кітап алып оқу үшін орнына өзінің кітабын қалдырып кетеді. Міне осы қолдан-қолға ауыстырып оқуға мүмкіндік беретін үрдіс біздің елде де  пайда болды. Қоғамдық кітапханашылардың саябақтарға барып, оқырмандарын өзі  іздеп табуға көшкені қуантады.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: