Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
О, Мағжаным!

БЛОГТАР

18 ақпан 2020
342
0

О, Мағжаным!

                              Шашубай ШАЙМЕРДЕН

 

                              О. МАҒЖАНЫМ!

 

О, Мағжаным, қазағымның арысы!

Егістіктің ерте піскен сарысы!

Қажу білмес, талу білмес тұлпарды,

Жұтып кетті кісі өлтіру «жарысы».

 

Сенген едің, сүйіп едің жарынды!

Сыртың сау да, іштің өрті жалынды.

Сүмірейіп тұрғанменен, шыдадың

Жеңе білдің, алып шықтың жаныңды.

 

Сеніп едің бостандыққа, қарасы

Көрінгенмен әлі жарты шарасы.

Жарымжан тіл, рухы өлген ел болдық,

«Аю» менен «Әждаһаның» арасы.

 

Қызығатын мол жер асты кеніміз,

Гүлденуге де бар еді жөніміз.

Отыр міне не істейтінін жел білген,

Бар әлемге қарыз болып еліміз.

 

Жастарға да сеніп едің тіленіп!

Көзін ашсын, деген оймен жыр егіп.

Сол жастарың жерін сатып, байлығын

Астанада отыр қазыр шіреніп!

 

Туып едің алты Алаштың бағына!

Өміріңнің қарасы да, ағы да

Бізге мәлім. Тірі болсаң, Мағжаным,

Сен қуғында жүрер едің тағы да!

 

2018


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha