Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Өлең оқып берейін

БЛОГТАР

02 ақпан 2020
301
0

Өлең оқып берейін

Өлең оқып берейін, бір тыңдашы

Музам сенсің, жүрегімнің сырласы.
Сені ешкімге көрсетпеймін, өйткені
Көз алдымда, тек бейнеңнің сұлбасы.

 

Мейлі өтсін, өзгелер көзін сүзіп
Тақпасаңда қолыма алтын жүзік.
Сені ойлаудан ешқашан жалықпаймын
Жыр жазамын сен жайлы, мен бір үзік.

 

Күмбірлейді кеудемнің төкпе әні
Құстар сайрап барады көкте әне.
Бүршік атты, ағаштар сездіруде
Айналамда гүлденген, көктем бәрі.

 

Қол ұстасып барады ғашықтарым,
Күн де оларға шашады, ашық нұрын.
Гүл құшақтап барады бір топ сұлу,
Бәз біреулер жөндеуде, лашықтарын.

 

Айналама күлімдеп, мен қараймын,
Құшақ ашып тұрғандай жан сарайым.
Қиялымнан тудырғам мен өзіңді,
Сәуле болып, төгілші, сен арайлым!

 

           ****************

         СЕН ЖАЙЛЫ

 

Көп болды, қолға қалам алмағалы
Көп болды ,өлең жаққа бармағалы .
Арпалысып тірлікпен күресем деп,
Көп болды , сен жайлы өлең жазбағалы.

 

Көп болды, көздеріңді көрмегелі
Көп болды , өзімді іштей тергегелі.
Сан сауалды қойсамда жауабы жоқ
Көп болды, сағынышым тербегелі.

 

Көп болды , жүрегімді тежегелі
Қанжар сұғып, кеудеге кезегелі.
Жұлып алып, тастай да алмаймын ау
Сыздатып, тұла бойды езе берді.

 

Көп болды , сағынышым сарғайғалы
Күз пақыр да ілесе алмай қалды.
Жанарымның тамшысын төгіп жерге
Сені күтіп, үмітім алдайды әлі

 

Көп болды, қолға қалам алмағалы
Көп болды ,өлең жаққа бармағалы .
Арпалысып тірлікпен күресем деп,
Көп болды , сен жайлы өлең жазбағалы

 

          *************

 

Жадыраса, жайнаса көкте күнім
Шығар ма екен өзгеден өктем үнім
Жырын жазсам қайтеді өтіп кеткен
Қайта оралмас он сегіз көктемінің.

 

Түсінеме сыр айтсам бауыр бүгін
Амал нешік, жалғанға таңулымын
Бізді ұшырған армандар қанатына
Байласам ба жанымның ауыр мұңын

 

Жымыңдаса жұлдыздар, ай ентелеп
Сөйлемесе адамдар маймөңкелеп
Айтарма едім он сегіз көктемінің
Сезімдерін тербеткен, жай еркелеп

 

             *************

      Жалғыз қалғандай сезінем

 

Жоғалған сенім, жоғалған сезім мендегі,
Қолдашы Раббым, азапқа салма пендеңді!
Жолымды көрсет , бақыт бақшасын бағытта
Бар болса аштыр, маған арналған көмбеңді.

 

Өткенді ақтар, тарихта қалар түгім жоқ,
Тоқтап тұр ойым, жылжитын алға түрім жоқ.
Жүрекке сыйлар жылуы қайда өмірдің?
Қара аспан торлап, жоғалған менің күнім жоқ!

 

Сүйген жан қайда, тірегім болар менің де?
Махаббатқа адал, сүйенген жалғыз сезімге.
Деп ойлаушы едім, әлемде жалғыз сол ғана,
Тұрақсыз екен, тұрмады ол да сенімге.

 

Достарым қайда, жыласам мені қолдаған?
Жылы сөз айтса, қуаныш еді сол маған.
Бауырлар қайда, жығылсам демеп қолдайтын?
Олар да мені шүйіріп көзге сынаған

 

Жалғыз қалғандай, сезінем кейде жапанда,
Қиындық көрген жан жоқтай мына жаһанда.
Қалам ап (алып) сонда өлеңді серік етемін,
Тынығып қалам, дем алғандай боп жотаңда .

 

Жоғалды бәрі, ізім ғайып боп заматта,
Күле бер қазір, қаласаң мейлі мазақта.
Бұйырса жүрем, биік белесте жарықта,
Жүрмеспін менде , ұзақ уақыттық азапта!

 

            ***************

 

Күз келсе де, жаныңды тоңдыратын,
Жайқалған нәзік гүлді, солдыратын.
Мендік жүрек көктем боп қала берет(ді)
Еркелетсе өлеңмен, сол бір ақын!

 

Айтылатын ертегі бәрі жалған,
Баяғы Естайжанның әнін салған.
Сізге ағатай, өлеңге муза керек,
Ал маған, сенімсіздеу біздің арман.

 

Сіздік өмір, өлеңмен өріледі,
Оқырманға сыйлық боп беріледі.
Ал маған ше? деп сонда қала берем,
Махаббаттан, ілмектеп шер іледі.

 

Әйтсе де, мен өлеңге ғашық жанмын
Іздейтұғын шуағын, жылы таңның.
Қарашаның қар күні тоңдырса да,
Жауладыңыз жүрегін, осы жанның

 

          ****************

 

         Қараңғы түн

 

Қараңғы түн
Сен менің жан серігім
Таптатпайтын адамның жан сенімін,
Онан басқа ешкімге сыр шашалман,
Атыратын әр күнгі таң серігім.

 

Қараңғы түн
Куәсі көз жасымның
Шырмауына оранған кез жасынның
Өзге ешкімге ешқашан айта алмаспын
Мұң қайғысын жырлаған әз басымның.

 

Қараңғы түн
Сен ғана үндемейсің
Билігіңді орнатып, жүр демейсің
Өзгелерден әйтеуір сөз айтылар
Жараланған жанымды емдегейсің.

 

Қараңғы түн
Көтерген еркелікті
Оятқансың қуантып ерте үмітті
Аязды күн жүрекке жылу сыйлап,
Алданышпен емдедің, ерке үмітті.

 

Қараңғы түн
Қанатыңның астына алып
Отырсам да тағдырға, көпке налып
Алға қарай жетелеп, жол сілтедің
Құс жолының жарығын бетке алып.

 

Қараңғы түн
Екеуміз егіздейміз
Еш сарқылмас мұңы бар, теңіздейміз
Қаншама таң атса да, түнге еніп
Өлеңнен кеп, жүрекке ем іздейміз

 

            **************

 

Ақынмын деп айталман
Өлең құмар едім мен.
Қиял қуып ай-таңнан
Ұйқастарға кезігем.
Миым менің шайқалған
Өзім солай сезінем
Атпайды күнім жай таңнан
Өлең жазып, көз ілем.

 

Сансыз ойға шомылып,
Қара сөзге жуынам
Дәптер, кітап том қылып,
Қыл қаламмен буынам.
Терминдерге таранып,
Өтем орман нуынан.
Маржан сөзден нәр алып,
Кетем ойдың суынан

 

 

Назгүл Алаудин


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу