Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Омбыда Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

БЛОГТАР

09 қыркүйек 2021
437
0

Омбыда Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

Бүгін Омбы қаласында А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің 40-ы орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

 

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының (бұрышының) ашылуы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрімен, жазуымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанның жетістіктері, экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстары туралы әдебиет арқылы баяндаудың тамаша мүмкіндігі. Орталықта тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер тақырыбындағы кітаптар ұсынылды.

 

Кездесу барысында Қазақстан және Ресей кітапханалары арасында өзара мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап алмасу мен  цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелері мүмкіндігін беретін меморандумға қол қойды.

 

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен ашылады.

 

Орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Ұлы Абайдың, қазақ ақын жазушыларының Ілияс Жансүгіровтың, Әбіш Кекілбайұлының, Мырзатай Жолдасбековтың, Олжас Сүлейменовтың, Сәуле Досжанның және т.б. қазақ авторларының кітаптары қойылды.

 

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында  Ресей мемлекетінде өтіп жатқан «Бейбітшілік және естелік жолымен» атты халықаралық экспедиция мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің және кітапханашылардың қатысуымен өткізілде. Делегация құрамында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева, Ресей Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасы Н.Иванов, РФ Жазушылар одағының мүшесі Г.Пряхин, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Б.Әлімжанов, М. Қарт, ЕҰУ профессоры С.Құттықадам және басқа да екі елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шет елдердің ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтарын ашу бойынша халықаралық жобаны іске асырып келеді.

 

Бүгінгі таңда әлемнің 39 елінде - Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Чехия, Болгария, Венеция (Италия), АҚШ (АҚШ Конгресінің кітапханасы, Нью-Йорк көпшілік кітапханасы) және басқа елдерде орталықтар ашылып, жұмыс істейді.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha