Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Өмірді ұрлаған уақыт

БЛОГТАР

30 қыркүйек 2019
279
0

Өмірді ұрлаған уақыт

Уақыт

 

Есіл уақыт – 
Есіл үміт!
Есі шығып, есі кіріп, жағаласып жармасқан,
Жалғау-жалғау лентадай кесіп, үзіп, жалғасқан.
Несі қызық?!.

 

Мен бе қуған, ол қашқан?!
Жолдар жатыр көңілінде мұң босқан.
Бір-бірімен өмірінде  торғай, жылан арбасқан,
Алжасқан, деме.

 

Алыстайды күндегіден таңғы аспан,
Бұлттар анау қап-қара боп шаң басқан.
Қаңбақтай бір ұшып жүрген, қонбастан,
Адасқан, неге?..

 

Үйірінен шығып алып қаңғыған,
Не десе де, не шығады ал, мұнан?!
Тағы сондай үйір шығар алдынан,
Аңдыған, деме.

 

Есір уақыт, алжыған неме!...

 

ххх
Құмартқанмен тағдырыңды білуге,
Өмір деген ең ұзынның қысқасы.
Құрылыстар көрінбейтін жүруде,
Әркім де өз өмірінің ұстасы.

 

Жан азабы көрінгенмен көңілде,
Келер күнің бір ісіңнің нұсқасы.
Кездейсоқтық  болмайтындай өмірде,
Болатынның жоқ сияқты басқасы.

 

Бұлыңғырлау өміріңнің ертеңі,
Кім несімен мақтанбақ?!.
Бала күнгі көрген түсің ертегі,
Үлкедігің өтіп жатқан өткен шақ.

 

Балалықтың болса дейсің бәрі шын,
Қиял менен ертегінің ғажабы.
Жақындаса жақын болып алысың,
Алыстағың қуаныштың базары!

 

Келгенің шын, кеткендегі жол қалай,
Қанша жүріс келер күннен бұйырған?!
Өмір деген көрген түсің, ол солай,
Өлу деген, қою нүкте құйылған!..


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу