Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
РЕЦЕНЗИЯ
Отандық киноның кемшіліктері неде?

Блогтар

09.01.2018
105350

Отандық киноның кемшіліктері неде?

Отандық киноның кемшіліктері неде?

 

 

ЖАЛПЫ Әлемдік кино өнеріндегі әлеуметтік мәселелер туралы қарастырылған теориялық еңбектер бар болғанымен, дәстүрлі әлеуметтік мәселелер мен бүгінгі жаңа әлеуметтік мәселелер толыққанды, жүйелі түрде әлі күнге дейін қарастырылмаған. Дәстүрлі әлеуметтік мәселелер бүгінгі отандық және әлем кино өнері аясында кеңінен және толыққанды орын алды. 

 

Ең алдымен, ӘЛЕМ БОЙЫНША дәстүрлі әлеуметтік мәселелерге тоқталсақ, олар негізінен төрт үлкен категорияға бөлінеді:

 

  1. Адам мен заң  ДЕТЕКТИВ ФИЛЬМДЕР

  2. Адам және медициналық-экологиялық жағдаят  ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР

  3. Адам және саяси-экономикалық жүйе; ТАРИХИ ФИЛЬМДЕР

  4. Адам және этика . сирек боп кеткен, алайда әлі де бар МЕЙІРІМДІ ФИЛЬМДЕР (патриотизм, достық жайлы)

 

Жаңа әлеуметтік мәселелер ХХІ-ші ғасырдың келуімен кеңінен құлаш алып, ерекше әлеуметтік өзектілік пен психологиялық күрделілікке ие бола бастады. Бұны айқындайтын төрт мысалды келтіруді дұрыс деп шештік:

 

1. Көпшіліктің электроникаға психологиялық тәуелділігі: адамдар арасындағы тікелей өзара қарым-қатынасқа, жалпы жеке уақыты мен жеке ойлану еркін шектеп отырып, психикаға кері әсер етеді;

 

2. Ақпараттық ортаның адам және қоғам санасына ықпалы: 200 спутниктік «коммерциялық» телеарналар, ғаламтордағы реттелмеген шексіз ақпарат, Мөлшерден тыс қабылданған ақпарат – мидың қалыпты қызмет етуіне негізгі күрделілік болатын жағдаят. 

 

  1. Прогресстің үдемелі дамуы мен адамның ішкі күйі: прогресстің үдеп келе жатқан жылдамдығына бейімделу қажеттілігі – адамның табиғи және қалыпты дамуына, өз-өзін және қоршаған ортаны тануына қиындық болуда. Урбанизация және техниканың үдемелі прогресі адамның қоршаған ортамен жаңа деңгейдегі экологиялық қарым-қатынасты талап етеді;

  2. Ғаламдық үрдістердің жеке тұлғаның және ұлттың сақталуына әсері: Жаһандану – қазіргі ақпараттық ортаның жылдам дамуын ескерсек – жеке тұлға мен ұлттың өз-өзін тануына және өз ерекшеліктерін сақтауына белсенді түрді кері әсер етуде. Ғаламдық дағдарыс – адам мен қоғамның барлық құндылықатармен қарым-қатынасын қайта қарауды талап етеді. Еліміздің күрделі әлемдік үрдіске тұтастай ілесе бастағынана шамамен он бес-жиырма жыл болды. Бұл ұлт сана-сезімнің дамуына әсер етпей қоймады.

 

Елу жыл бұрынғы (шедевр фильмдерді айтпағанда) ортаңқол фильмдер кеңестік стильдегі бірсарынды да біржақты сюжет пен жасанды колхоз өмір бейнесімен шектелген еді. Оның орнына бүгін «батыстық» үлгідегі бірсарынды да біржақты сюжет пен жасанды тек ғана гламурный үлкен қала өмірінің бейнесі көрініс табуда. Алайда, актерлік ойын театралды эстетикаға тым жақын және актерлік ойын деңгейі мектеп оқушыларының драма үйірмесінің деңгейінде деп айтуға болады. Бұл мін көбінесе телевизиялық киноға тән.

 

Яғни, кино өндірісі негізінен коммерциялық және телевизиялық бағыттарда қарқынды дамып, фильмдердің сандық көрсеткіші көбейгенімен, олардың көркемдік және мазмұндық драматургиялық сапасы төмен. Әлем тәжірибесінде де, ұлттық кинематографта да терең психологизм мен реалисттік эстетика дамып, әлеуметтік мәселелер мен жеке тұлғалық тебіреністер түрлі деңгейде және түрлі мазмұнда сәтті көрініс тауып отырды.

 

Өкінішке орай, 1990-шы жылдардың басында ТМД бойынша кинематограф УАҚЫТША терең эстетикалық дағдарысқа ұшырап, аса төмен дәрежедегі, саны бар сапасы жоқ, коммерциялық фильмдермен шектеліп қалған еді. Жаңадан құрылып келе жатқан жап-жас кинода тіпті қарапайым түрдегі реалисттік сарынның өзінің орнына толықтай жасанды және біржақты мелодрамалық, тақырыптық пен эстетика жағынан аса шектеулі, «батыстық» сарын немесе Жапонияға еліктеу негізгі орын ала бастады. Енді бұл жерде, өздеріңіз түсінгендей, терең психологизм тұрмақ, кинематограф енді енді пайда болған заманға тап болғандай тым театралды жасандылыққа ие диалогтар мен актер ойыны жиі көрініс таба бастап, аса әлсіз кинодраматургия мен режиссура қалыпты жағдайға айналды. Сондықтан, кинематограф екі топқа бөлінді: «көрермендік» бір күндік арзан фильмдер (Сказ о Розовом Зайце) өндірісі және шетел фестивалдері үшін жасалынатын, әрине, өзіндік бір провокациясы да жоқ емес авторлық фильмдер. Мысалы, «Келін» Е.Тұрсынов және т.б.

 

«Қызжылаған» (2003, реж. С.Нарымбетов) (ДОВОЛЬНО ВОЛЬНАЯ ТРАКТОВКА ОРИГИНАЛА)

Әрине, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасының желісімен түсірілгенімен, сценарий оригиналды туындыдан тым алшақ. Поэтикалық драматизмге толы оқиға және күрделі әлеуметтік қарым-қатынастар көрінбей, оның орнына батыс эстетикасына тән шытырман көрермендік фильм ғана бар. Пьесадағы нақты жеке трагедия арқылы ел зарын көрсетудің орнына әсіреленген антитоталитарлы көріністер басым. Тым айқын Семей полигоны мәселесі және кеңес үкіметінің қазақ ұлтына көрсеткен зорлық-зомбылықтары мүгедек-қыз Лейланың иығына жүктеледі. Өңделген сюжет шынайы ұлттық нақышынан айырылып, «голливудтық» жалпылық мәнерге ауысып кеткен. Сонда да бұл фильм көрерменге экологиялық-әлеуметтік мәселе мен тарихта орын алған саяси-әлеуметтік жағдаят жайлы гротеск әдісіне жақын заманауи стильмен аса түсінікті баян етеді.

 

Жаңа ғасыр киносының тағы бір ерекшелігі – тарихи тақырып пен белгілі бір классикалық туындының желісін қолдану.

 

«Қаладан келген қыз» (2004, Р.Абдрашев) (ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ ТУРАЛЫ) фильмінде бір жағынан кеңес одағындағы репрессия тақырыбы (оқушының М.Жұмабаевтың тыйым салынған кітап оқуы сынды деталі арқылы) қозғалса, екінші жағынан романтикалық, тіпті поэткалық бейнелілікке толы сарында (оқушы қыз бен ұлдың алғашқы махаббаты) кеңестік жүйенің, әсіресе кеңестік үлгідегі оқыту жүйесіндегі қаталдық пен идеологиялық мақсаттағы психологиялық бұрыс ықпалды көрсету орын алған.

 

«Дала экспрессі» (2005, С.Нарымбетов, А.Айтуаров) (ОРЫС КЛАССИКАСЫНА ЭКРАНИЗАЦИЯ) фильмі Пушкиннің «Станционный смотритель» желісі бойынша жасалғанымен, жаңа Қазақстанның өскелең буынның мінез-құлықтарының кемшіліктері мен ұрпақ аралық қарым-қатынастың, ұлттық тәрбиенің әлсіздігі жайлы тебіреніс көрініс тапқан. Әлеуметтік теңсіздікпен қатар, отансүйгіштік пен перзенттік адалдықтың аздығы әлеуметтік мәселе ретінде көрініс тапқан.

 

«Шұға» (2007, Д. Өмірбаев) (ОРЫС КЛАССИКАСЫНА ЭКРАНИЗАЦИЯ) фильмі Л. Толстойдың «Анна Каренина» желісі бойынша түсірілгенімен, қазіргі заманның және жоғары тап қоғамының бейнесін беруге тырысқан, жаңа заманның капиталисттік дамуымен қатар, әлеуметтік саналуандығы да көрініс тапқан. Алайда, режиссер көп жақтан классикалық сюжет аясымен шектеліп қойған.

 

«Секер» (2009, С. Құрманбеков) ИНТЕРНЕТ БОЛМАҒАН ЗАМАНДАҒЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ СИЯҚТЫ. Фильмінде қазақ қоғамындағы, әсіресе ауылдағы дәстүрлі бала тәрбиесіндегі қыз баланың психикасын дұрыс қалыптастыру жайлы астыртын ой берілген. Ата-ана мен балалар арасындағы отбасылық қарым-қатынастағы үйлесімнің жетіспеушілігі жеңіл әрі көңілді сюжетпен көрініс тапқан.

 

«Студент» (2012, Д.Өмірбаев) фильмі. ОРЫС КЛАССИКАСЫНА ТАҒЫ ДА ЭКРАНИЗАЦИЯ. «Преступление и наказание» (Ф.Достоевский) желісі бойынша түсірілген бұл фильмде классикалық сюжеттен бөлек, үлкен қалада (Алматыда) қиналып жүрген жас студент кейіпі арқылы жаңа заманның экономикалық әлеуметтік және рухани-әлеуметтік, моралдік сана-сезімі жайлы толғану орын алады. Фильм реалисттік мәнерде, деректілік эстетикасымен жасалған. Ол фильм қазіргі заман қоғамында орын алған жауздық пен әділетсіздіктің себептерін және туындау құпияларын зерттеуде. Реализм сарыны мен деректілік эстетикада түсірілген бұл, ойлы бақылаушы тұрғысынан көруді талап ететін, фильм философиялық толғаныс пен көптеген детальдарға толы.

 

«Аслан сабақтары» (2013, Ә.Байғазин) Патриоттыққа толы десек өтірік болар еді. Алайда операторы мықты. Бұл фильм арт-хаус жанрында жасалып, негізінен біржақты психологиялық қағиданы ұстана отырып, негативті өмір бейнесін әсірелеп жасау болғанымен, заң қызметкерлерінің қызметіндегі кемшіліктері мен әлеуметтік жүйенің моралдік тұрғыдан әлсіздігі және мектеп орындарындағы қылмыстық сыбайлас жемқорлық жайлы астыртын шындық ойлар берілген.

 

Бірең-сараң жеке авторлық және ұлттық көзқарасты паш ететін фильмдер кезігіп жатыр. Олар әзірше кең танмал емес, солардың бірі 2013 жылы түсірілген Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі. Әрине, драматургиялық және режиссуралық көркемдік пен стилистикаға келгенде, түрлі бейнелілік немесе кәсіби емес болып көрінген, актерлік ойында кездескен кемшіліктерге қарамастан, бір қарағанда, ХХІ ғасырдың кинематографиялық мүмкіндіктер тарапынан тұрпайы техникалық шешімге қарамастан, фильмде шынайылық пен қазақ сана-сезіміне әсер ететін негіз бен элементтер бар.

 

«Бауыр» (2013, С. Апрымов) Бүгінгі ауыл жайлы автордың үміті. Бұл фильмде өзіміздің XXІ-ші ғасырдың ауылындағы қазақылықтың, дәстүрлі ұлттық сана-сезімінің дағдарысы көрсетіледі. Бала кейіпкер негізінде бүгінгі қазақтардың дәстүрді құрметтемейтігінен бұрын, бір-біріне деген бауырмалдықтың азайғандығы жайлы ой бар. Әрі белсенді, әрі қазақы тәрбиені сақтап қалған жас бала режиссердің келешекке деген үмітінің символы іспеттес көрініс табады.

 

Жаңа фильмдерде заман бейнесі, мысалы адам мен интернет, адам мен компьютер, адам мен айфон арасындағы ШЫН қарымқатынас БЕЙНЕСІ тиісті деңгейде көрсетілмейді! Бүгінгі заманның ерекшеліктері мен көрінісін тек деталь мен фондағы көрініспен ғана беру және сонымен шектелу ғана бар. Бүгінгі техникалық прогресс әлеуметтік үлкен құбылыс ретінде, адам және қоғам санасына белсенді түрде әсер етуші фактор ретінде еш қарастырылмайды. Осы кемшілік – бүгінгі киноның басты міні деп айтуға болады. Сюжет қанша жерден жеңіл және қарапайым болғанымен, бүгінгі қаладағы өмір және жалпы бүгінгі уақыт экраннан оңай танылу керек. Ал фильмнің ішіндегі детальдар (ұялы телефон, компьютерлер, қазіргі телевизорлар және т.б.) өзіндік ерекшеліктері (жақсы және жаман тұстарымен адамның санасына және мінезіне қарқынды әсер ету) бар фактор ретінде еш қарастырылмайды. Кейіпкерлер бір бөлек әлем, детальдар бір бөлек әлем және жалпы оқиға орын алып жатқан орта бір бөлек әлем іспеттес. Барлық элементтер бір-бірінен тым алшақ және бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түспейді. Киноға тән көркемдік бірліктің өзі жоқ, бар назар жаңаша спецэффект пен батыстық сарындағы оқиға желісіне ғана бағытталып, тіпті шынайы актерлік ойынның өзі тиісті деңгейде назарға алынбай жатады.

 

Оның барлығы артта қалды деп ойлаймын. БҮГІНГІ жаңа КИНОДАН жақын арада заманның да, адамдардың да, адам мен айфондар арасындағы шынайы мәселелердің де өзіндік бір бейнелері жоғары деңгейде көрініс табады деп сенемін!!! 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: