Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Өзіме өзім хат жазам

БЛОГТАР

15 маусым 2020
376
1

Өзіме өзім хат жазам

Белгісіз нүктеден от алып...

Кең дүниеге аттаған.
Өзіме-өзім оралып,
Ашық хат жазам.

 

Бұрын беттерін ашпаған,
Оқылар кітапқа ұқсаған.
Қан сіңген тамырлырдай әріптер қозғала бастаған,
Өзіме-өзім хат жазам.

 

Басқадан,
Сырымды айтуға жасқанам.
Оңаша, Айлы түн, сүт піскен...
Өзіме хат жазам.

 

Таңғы ауа секілді тұнықтай,
Бұл хатым алғашқы аққардай, әлі ешкім аяғын баспаған.
Жетінші құрылықтай,
Әлі ешкім ашпаған, өзіме хат жазам!

 

 

Теңізге кел сен

Теңізге кел сен,
Керемет,
Тасты да қатқан тербейді.
Толқынды қойған сөрелеп,
Төменге түскің келмейді.

 

Жағаға кел сен,
Жағада,
Толқынның зерден шашағы.
Ақ гүлдей аппақ шағала,
Қауызын көкте ашады.

 

Аспан көк,
Тұтас жер де көк,
Ғұмыр саз үні сырнайлы.
Толқындай толқып төңірек,
Сұлулық жайлы жырлайды.

 

Таппайсың іздеп бір қылау,        
Теңізге Ай жүр гүл егіп.                     
Моншақтар таққан түн мынау, 
Жартасқа отыр сүйеніп.            

 

Тамбаса аспан көгінен,
Құйылып жатыр ән қайдан?!
Күздегі желдің демінен,
Жапырақ – толқын сарғайған.

 

Толқынның демі тым ыстық,
Ораған түнге білегін...         
Мүлгіген түнгі тыныштық,
Сүйейді тасқа иегін.

 

Айтылар жұмбақ, сыры – мұң ,
Жұлдыздар түнге жасырған.
Ай тарап түнде бұрымын,
Толқынның мойнына асылған.

 

...Сол түнде үнсіз келемін,
Бір ойды бір ой қозғаған...
Алыста жүрген кеменің,
Түйедей үні боздаған.


Бөлісу:
     

Пікірлер (1)

Ислам Қосжан

17.06.2020 23:58
Пікір білдірудің оңай жолы жоқ па? Қйын, өте қыйын...
Пікір қалдыру:
Captcha