Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Пушкин портреттері» көрмесі

Блогтар

13.02.2019
4698

«Пушкин портреттері» көрмесі

«Пушкин портреттері» көрмесі

 

 

ТМД-да кітап жылына және Александр Пушкиннің 220 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік музейдің (Мәскеу қ.) ұйымдастыруымен «Пушкин портреттері» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.  

   

Аталмыш көрме хронологиялық тұрғыдан екі ғасырды қамтиды: ақынның өмір сүру кезеңінен бастап ХХ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдер. Екі ғасырлық кезең Пушкинсіз және онымен бірге ақынның имиджіне арналған шығармашылық ізденістермен ерекшеленеді.

   

Көрме барысында «Қазіргі әлемдегі Пушкин» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

    

Поэзиялық және прозалық шығармаларында Пушкин әрқашан адамға қатысты маңызды мәселелерге тоқталады. Пушкин дәуірі ұзаққа созылды. Оның кітабын алып, оқу өте қажет. Мәселен, Татьянаның шам жарығымен, ойлы кейіптегі Борис Годуновтың, шымылдықты көтеріп, терезе жарығымен Арина Родионовналардың  хаттарын жазуы, бәрінен де ең алдымен, ақынның өзі, оның бәрін қалпына келтіріп, өз шығармаларында таланттылықпен, шеберлікпен суреттеуі тіпті керемет! Демек, Пушкин бүгін де тірі. Ол ертең де біздің заманымыздың ақыны бола берері сөзсіз!

    

Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Әбдірахманов, А.Пушкин атындағы мемлекеттік мұражайдың бас маманы Елена Усова (Мәскеу қ.), Қазақстандағы Ресей Федерациясының ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі, Астана қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев, M.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филология факультетінің меңгерушісі Галина Власова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры Құралай Уразова, ҚР театр жұмысшылар одағының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемдік өнер және режиссура кафедрасының профессоры Сергей Федорович Матвеев, сондай-ақ, көптеген қазақстандық және ресейлік филологтар қатысты.

   

Іс-шараны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орыс филологиясы кафедрасы ұйымдастырды.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: