Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Шымылдық ІІ

БЛОГТАР

30 қазан 2021
444
0

Шымылдық ІІ

Жылдар салып, тұрмыс құрдым өзім де,

Көңіл толқып, нұр жарқырап көзімде.

Жат жұттықты мойындайды екенсің,

Берілгенде «махаббат» дейтін сезімге.

 

Қия кеттім әкемменен анамды,

Таппайды қыз бұдан басқа амалды.

Тұрмыс құру – қызық кездің бірі екен,

Талай көйлек киіліп те қаралды.

 

Шаңыраққа келіп міне өзгенің,

Мөлдіреп жасқа толып көздерім.

Шымылдық бөлмесіне жайғасып,

Балалық шақ кеткенін де сезбедім.

 

Жат болған соң «қонақ» деп төркін сыйлайды,

Десе де жүрек...жүрек өскен жерді қимайды.

«Сүйгенімнің жанындамын» десең де,

Қыз жүрегі қобалжиды сыймайды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha