Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
«Сырыңды айтшы, дүние...» атты шығармашылық кеш өтті

БЛОГТАР

17 қазан 2019
1650
0

«Сырыңды айтшы, дүние...» атты шығармашылық кеш өтті

 

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың 65 жылдық мерейтойына орай «Сырыңды айтшы, дүние...» атты шығармашылық кеші мен және кітаптарының 13, 14,15, 16 томдық шығарамаларының жинағы тұсаукесері болып өтті.

 

Шығармалар жинағына «Әй, әртістер-ай!», «Бақытсыз болғың келмесе...», «Балқан байдың айымдары», «Қарыз бен Қаспақ» комедиялары мен балаларға арналған «Алпамыс батыр мен алып монстр» пьесасы және «Батыр болмақ сойдан-дүр...» атты қызықты зерттеуі және басқа да мақалалары жинақталған.

 

Сондай-ақ, «Мейірім шуағы» атты мен «Смағұл ішкен у» жаңа өлеңдері, «Әкімнің әкесі» поэмалары, күллі түрік халықтарын жырға қосқан «Түгел түрік баласы» кітабы және жыр-толғаулары, әңгімелері,, ән өлеңдері де бар. Орыс тіліндегі «Сказ столетнего степняка» романы мен «Разрешите жить», «Аблай хан и его батыры», «Разрешите жить», «Мальчик победивший Джалмауыз» атты шығармаларын және «Капитан Катана» атты киноповестер мен «Мейірімді Асқар» ертегілерін де оқуға болады.

 

Б.Әлімжанов 1984-2005 ж.ж. аралығында 216 рет айтысқан. Ол «Ғажайып күй», «Өкпелеме жаным», «Сен ешкашан өзгерме», «Қоштасайық» және т.б.көптеген әндердің авторы.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha