Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Су перісі

БЛОГТАР

04 ақпан 2020
247
0

Су перісі

Көңіл

 

Болғанымен жүрегіңде – от-алау, 
Жігер – құм боп, сенім тұрмас жасымай.
Мына көңіл бір сыр бүгіп отыр-ау,
Мына өмір бір сыр бағып жатыр-ау.

 

Не береді... 
Ізгілікке ұмтылу, 
Ақиқатты күмән келіп жасырса?!
Ішкеніңмен бір күн шырын, бір күн у,
Оныңа дерт басылса!

 

Атары бар таң секілді жаңа атып,
Сезіміңді сүріндірер жалған бақ!
Тағдырыңды көрінгенге тонатып,
Көңіл шіркін сәл нәрсеге алданбақ.

 

Болғанымен дүниеге  жан қайғы...
Өткен күнде уақыт бардай ұлықтар.
Жалғыздықты ешкім қалап алмайды,
Қоршап тұрған қорқыныш бар, күдік бар.

 

Жаның сая тапқанымен үміттен,
Бәрі өткінші... деп ойлайсың, ақыры.
Біреулерге қарайтының күдікпен,
Көңіліңнен шықпағасын ақылы!

 

Су Перісі 
(Теңіздегі жоғалған сурет)

 

Ей, сұлу қыз,
Ойнақ салған Теңізде,
Ойлағандар дейді екен мені кім?!
Мына жұртқа, жынға үйір дегізбе,
Деп жүрмесін, салқыны бар Перінің.

 

Елес десең,
Жартастағы тұрғанды,
Ол да жұмбақ өзге түгіл өзіме!
Бір кездерде...
Жақсы көргем бір жанды,
Болмысымен беріле, 
Жүрегіммен езіле.

 

О, Жарқылым,
Асыл ән!
Ол да менің көкірегімде тұншыққан.
Бақыт деген...
(Сенен несін жасырам.)
Мені көрсе,
Маған десе, қырсыққан.

 

Ех, жанымды түсінер жан болғанда?!.
(Бірақ сенің қатысың жоқ бұған да.)
Аспадағы жалғыз жұлдыз қалғанда...
Теңіз кешем... орынымнан тұрам да!

 

Таң атсыншы,
Көрмегенді көретін,
Осы десе... салқыны бар перінің, «ақырзаман» іздеген.
Түнде қалған болсын менің елесім,
Теңіз салқын,
Мұз – денем!..


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу