Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Суретші Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесі өтті

Блогтар

28.03.2019
5487

Суретші Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесі өтті

Суретші Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесі өтті

 

 

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесі болып өтті.

 

«Кескіндеме өнері – өмірде бар нәрсені ғана бейнелейтін нақты бір өнер түрі. Ол – табиғаттың тілі, көзге көрінетін әлемінің тілі», – деген болатын XIX ғасырда өмір сүрген француз суретшісі, мүсінші Гюстав Курбе.

 

Бұған қазақтың талантты суретшісі, қыл қаламның қас шебері, Алпысбай Қазығұловтың суретшілік өнері дәлел бола алады. Алпысбайдың шығармашылығы шынай өмірдің айнасы іспеттес.

 

А.Қазығұловтың шығармалары өзіне тән жеке ерекшеліктерімен ерекшеленеді және сондықтан оңай танылады. Суретшінің әлемі және оның шығармалары – әсерлі лабиринт түрі.

 

А.Қазығұловтың туындыларындағы әлемді біз бірден тани тұра, оның астарына үңілген сайын ой шырмауына кіріп кетеміз. Себебі, көркемдік өлшеміндегі ерекше ой әлемін бейнелейді.  

 

Көрмеде суретшінің 65 бірегей суреттері қойылды.

 

Іс шараға Көпен Әмірбек, Бекболат Байсағатов, Сейсенхан Махамбетов, Дәулеткерей Кәпұлы және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: