Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

09 қараша 2020
233
0

Тағдыр

Нөсер. Бұлт. Жаңбыр. Түн. Қала. Дауыл басталды,
ӘкетІп барар,қыршынға қиып жас талды...
Мұздады дала, айналып қара түнекке...
Үзилип жүрек. Жылады аспан, жас тамды.

 

Неліктен, бұлай? Сұрақ көп түрлі... Тағдыр ма?!
Нөсер тек үнсиз, сөйледі көзбен жазғырма...
Өлімге тікпес,араша болар,күресіп.
Қатыгез жауыз, қанды ауыз, қатал қасқырда.

 

Қалды тек тамыр, түбінде жердің жас талдан,

Шығар ма, өскін? Уақытқа сұрақ тасталған...

Жылусыз қыстың... Сезіледі аяз қаhары...
Жүрексіз суық, құралған қала тастардан...


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha