Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
TEMIRQAZYQ – ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК АҚЫНЫ/ЖАЗУШЫСЫ, 2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИ ОНЛАЙН БӘЙГЕСІ

БЛОГТАР

18 желтоқсан 2017
4920
0

TEMIRQAZYQ – ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК АҚЫНЫ/ЖАЗУШЫСЫ, 2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИ ОНЛАЙН БӘЙГЕСІ

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Әлем Халықтары Жазушылары Одағы Temirqazyq – әлемнің ең үздік ақыны/жазушысы, 2017 халықаралық әдеби онлайн бәйгесін ұйымдастырды. Қараша айында басталған бұл жобаға 25 мемлекеттен 60-тан астам қаламгерлер шығармаларын жолдады. Бәйгені қазақ, орыс тілдерінде жүргізу аса күрделі болғандықтан, онлайн бәйгемізді ағылшын тілінде іске асырдық. Бұған Бәйгенің әділ қазылар алқасының мүшелерін таңдауымыз да басты себеп болды. 

Айтулы жобаның Әділқазылар алқасының төрағасы болып Мухаммад Шаназар есімді Пәкістанның аса көрнекті ақын, аудармашысы бекітілді. Ол көптеген халықаралық сыйлықтардың иегері және 2015 жылғы Нобель сыйлығына кандидат. ӘХЖО президентінің бірінші орынбасары (вице президент). 

Әділқазылар құрамына Джернаил Ананд Сингх (Үндістан), Джагдиш Пракаш (Үндістан), Каролина Назарено- Габис (Филиппин) есімді әлемнің бізге белгілі ең мықты ақын-жазушылары таңдалды. Әділқазылар алқасын бақытаушы болып Джордж Онси (Мысыр) есімді ақын бекітілді. Ол құқық жағынан Әділқазылар алқасының төрағасына да бағынбайтын болып келісілді. Ал Әділқазылар алқасы өздері таңдаған жоба жеңімпазын Бақылаушыға мақұлдатуы шарт болып келісілді. Қатысушылардан өтініш 10 Желтоқсанда Алматы уақыты бойынша 18: 00 де тоқтатылған. Біздер Қазақстан тәуелсіздігіне орай 15 Желтоқсанда жеңімпаздарды жариялауымыз керек еді. Прозалық шығармалар аз болғандықтан, жеңімпаздарды жариялап үлгердік. Назма Хасан Шеих (Пәкістан) екінші дәрежелі Дипломды, Джагари Мидхержи (Үндістан) І дәрежелі Дипломды жеңіп алды. 60-тан астам әлемнің бүгінгі таңдағы шебер қаламгерлерінің ең үздіктерін анықтау күрделі болғандықтан онлайн бәйге қазіргі сәтке дейін жалғасуда. Бұйыртса, бүгін не ертең поэзия бойынша жеңімпаздарымызды жариялайтын боламыз. 

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha