Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Тыныштықбек ақынның қолтаңбасы

БЛОГТАР

15 қаңтар 2019
682
0

Тыныштықбек ақынның қолтаңбасы

Жуырда Абай музейінде ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен кездесу кеші өтті. Осы жиында Т.Әбдікәкімұлына тарих куәгері, абайтанушы Б.Исабаев ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

 

«Ақшам хаттары» («Жалын», 1993, Алматы), «Ырауан» («Атамұра», 2000, Алматы), «Алқоңыр дүние» («Фолиант», 2014, Астана), «Бесінші маусым жұпары» («Атамұра», 2017, Алматы) атты жыр жинақтарының авторы ретінде қалың оқырманға танымал ақынның кеші мазмұнды да мағыналы болды. Әлем халықтарына ортақ ежелгі ғарышнамалық қағидалары мен қасиетті ұғымдарды қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап, сараптауға тырысқан ақынның әр сөзінде астарлы ақиқат, салмақты ой жатыр. 

 

Жиын соңында Т.Әбдікәкімұлы кездесу салтанатын ұйымдастырған музей ұжымына алғысын білдіріп, «Тағзым» кітабына қолтаңбасын қалдырды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу