Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ұлықбек Есдәулет «Парасат жолы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі

БЛОГТАР

12 ақпан 2021
417
0

Ұлықбек Есдәулет «Парасат жолы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен «Парасат жолы» жобасы аясында Ұлттық академиялық кітапханада, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет өңірдегі филиалдар төрағаларымен онлайн кездесу өткізді.

 

Жиында республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы, Атырау облысы әмбебап кітапханасының басшысы Сара Салахатдинқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлықатысты.

 

Жиында сөз алған Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет:

 

«Шынын айтқанда «Адалдық алаңы» жобасы болсын немесе, мынау жаңадан құрылған «Парасат жолы» орталықтары болсын, екуінің бір арнадан түйісуі, қоғамның жемқорлық деген дерттен айығыуына, тазаруына апаратын үлкен жол. Бір қуанарлығы қазір осындай орталықтар жоғарғы оқу орындарында, колледждерде ашылып жастарымызды ізгілікке тәрбиелеуде. Тіпті мектептерде парасаттылық туралы тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Бұл халқымыздың «баланы жастан» деген ұғымға саяды. Бұл өте құптарлық дүние. Себебі бала жастайынан жемқорлықты көріп өссе ертең сондай болмасына кім кепіл. Қоғамды түбегейлі жемқорлықтан тазарту өте қиын нәрсе. Бірақ соған міне бет бұрыс басталды. Жемқорлықпен күресу қозғалысыда қоғамды меңдеткен ауыр дертпен күресу болып есептелінеді. Сондықтан бүкіл халық болып қолдау керек. Осы жаңадан ашылған орталықтар арқылы «еңбектеген баладан еңкейген кәрігедейін» рухани тазару жұмыстарын жүргізу керек деп мен есептеймін. Мемлекеттің өзі жемқорлықпен күреске шындап кіріскенде, біздің зиялы қауым өкілдері бұдан шеттеп қалмауы керек деп мен ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмыстарын біздің жазушылар қолдайды. Қаламгерлеріміз мемлекет қаржысын жымқырғандарды қоғамға әшкерлеу бағытында қаламын қару етіп, осыған байланысты шығармалар жазады деп сенеміз.», - деді.

 

Келелі басқосуда адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде кең көлемде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Парасат жолы» орталығының негізгі бағыт-бағдары айқындалып, нақты қадамдар баяндалды.

       

«Парасат жолы» орталығының мақсаты – ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha