Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ұлттық академиялық кітапханада Көрісу күні аталып өтті

БЛОГТАР

15 наурыз 2019
120
0

Ұлттық академиялық кітапханада Көрісу күні аталып өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың салт – дәстүрлері ұлттық құндылық» тақырыбында Көрісу мерекесіне орай ұйымдастырылған арнайы іс-шара болып өтті.

14 наурызда ежелгі дәуірден бастап қазақтар үшін жаңа жыл басталды. Жылдың басында жер-дүние жаңарады. Адамдар бір-бірімен кездескен кезде, бір-бірлерінің қолын алып, құттықтап, жылдың сәтті аяқталуымен құттықтайды.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы:

  • Келіп жеткен жаңа жыл құтты болсын! Әлемде Наурызды 21-і күні тойлайды. Ал біз 22-сі күні тойлаймыз. Бір күні Өзбекәлі Жәнібек аға екеуміз отырып, қаулы шығару үшінәңгімелестік. Сөйтіп, 22 наурызда жаңа жылымызды тойлау керек екенін ақылдасқан едік. Біз шағын ғана ел емеспіз ғой. Біз Ұлы даламыз. Қазақ даласында көктем оңтүстіктен басталып, содан Арқаға келіп аяқталсын деген ойымыз болатын, – дей келе ол батасын берді:

Көргендерің жақсылық болсын,

Отбастарың аман болсын!

Дендерің сау болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тәңірім қазақты енді қайтып жылатпасын!

Алла тағала жақсылығын аямай бере берсін!

Аспай, саспай жаман жерді баспай жүріңдер!

  •  

Рақымжан Тұрысбек, филология ғылымдарының докторы, профессор:

  • Наурыз мерекесінің халықаралық деңгейде тойлануы үшін ЮНЕСКО көлемінде аталынғанын білеміз. Бұл мейрамның Ұлттық академиялық кітапханада бастау алуы – шынымен де қуантады. Біздің рухани өміріміз, арғы-бергі тарихымыздың бәрі ктап бетінде тұрады. Наурыз әдеди, тарихи сипатқа ие болды. Шын мәнінде амал мерекесін тойлау үшін бабаларымз бізге жақсы із қалдырған.

Іс-шараның мақсатыҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын қолдау аясында жүзеге асыру.

Мерекелік жиын барысында қазақтың «Ашамайға отырғызу»  дәстүрінің театрландырылған көрінісі көрсетілді.

Мерекелік іс-шараға Оразкүл Асанғазы, Көпен Әмірбек, Қонысбай Әбілов, Рахымжан Тұрысбек, Шерубай Құрманбай, Жанат Әскербекқызы, Бақытжан Тобаяқов, Оңайгүл Тұржан, Дәулеткерей Кәпұлы және т.б. қатысты.

 

 

 

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу