Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлы Абай күні ұлықталды

Блогтар

11.08.2021
4528

Ұлы Абай күні ұлықталды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 10 тамыз күні «Ұлы дала данышпаны» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

 

Мекемеде ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай бір ай бойы жалғасатын «Артық ғылым кітапта» атты кітап көрмесі, мектеп оқушылары арасында «Абайды сүй, адам бол» атты Абай өлеңдерін оқу сайысы, «Әнді сүйсең, менше сүй» Абай әндерін шырқау бағытындағы әдеби-музыкалық караоке, «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды мерекелік іс-шара күні бойы жалғасты. Сондай-ақ, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысының жастары Абай шығармаларын талқылап, Абай өлеңдерін оқыды. Белгілі абайтанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұлы дала данышпаны» және ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаров Абай шығармаларын талдау бойынша онлайн кездесу ұйымдастырылды.

 

Онлайн кезлесуге қатысқан Тұрсын Жұртбай Абайды тану мәселелеріне қатысты өз ойын былайша білдірді:

 

- Абай туралы мен қазір екі жүз беттен астам дүние жазып қойдым. Сондағы «дәріқарап» деген сөз. Осы сөзді Абай түсінгендей түсінейінші, Абайдың өзі «оқығанда жақсы» дейді. «да» деген шылауды ажырату үшін екі жүз беттей жазуыма тура келді. Алдағы 15 жылым осы екі жүз бетті тарқатумен өтеді. 40-50 кітапты пайдаланып, зерттеумен отырмын. Сонда бір жұрнақты, оқығанда жақсы, одан кейін «дәріқарап» дегн сөзді түсіндіру үшін бір кітап жазу керек болып тұр. Егер мен осы сөзді бұрындары түсінсем, қандай болар еді, жазылар кітабым қандай деңгейде болар еді, мүмкін мағынасы қоғам ішінде басқа болар ма еді деп ойлаймын. Өкінемі. Сол нәрсенің байыбына жетпегенімді өзім білімімнің кемшілігі деп есептеймін.

 

Айта кетейік, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен ТМД және шет мемлекеттерде, атап айтатын болсақ, Чехияда, Египетте, Италияда, Біріккен Араб әмірліктерінде, Санкт-Петербургте «Абай» орталықтарын ашты. 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: