Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Жаңа жыл қарсаңындағы жаңалық

БЛОГТАР

15 қаңтар 2019
1060
0

Жаңа жыл қарсаңындағы жаңалық

КЕЗ КЕЛГЕН ЖОО-нда бірге орындалатын ҰРАН бар, ӘН бар.


Шәкәрім шаңырағында ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ күйі бар...

 

Туған елдің тарихында сырлы саз әуенімен, Ұлы дала халқының өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен үлкен құдіретке ие – бұл Күй.


Күй – қазақтың төл туындысы. Қазақ елі өмір салтында бұл - өнер. Тек қана эмоциялық әсер берумен шектелмейді: адамдар арасындағы қарым -қатынасқа теңдессіз дәнекер.


Күй - адам санасында салт-дәстүрлерді орнықтырып, талғамын қалыптастырып, рухы мен жігерін көтеруге тікелей араласатын рухты өнер. Тарихтың ұзақ көшінде қазақ халқы ғана тудыра алатын аса ерекше асқақ есімде дамыған өнердің бірі де, бірегейі бұл — күй өнері.


«Шәкәрім шаңырағы» күйі – қазақ пәлсапасын әлемдік ойлау деңгейінің жаңа биігіне көтере білген ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының сыршыл әлемі.


Шәкәрім өз заманының ғұламасы болды. Тағдыр талқысында ғұмыры тұтас бір трагедияны құрады. Әр трагедия соңы – бір жарық сәулеге апарады деген ежелгі грек ойшылдары нақылына сүйенсек, Шәкәрім ғұмыры да жарық бір сәулені аңсады.
Жаңа күннің таңы ататынын сезді. Ой толғады, артына өшпес мұра қалдырды. Білімнің шамын жақты.


Жер бетінде білімнен асқан ең жарық нұр, шексіз сәуле бар ма екен?!.


Шәкәрім аңсаған сол білімнің жарық шуағы - бүгінде Шәкәрім есімін иеленген жоғары білімнің шаңырағы.


Шәкәрім аңсаған жарық нұр – бүгінгі ізбасарлары, білім нұры университет шаңырағы жастарының білім жетістіктерімен орындалуда.


Шәкәрім шаңырағы күйі - өз тарихын қалыптастырып үлгерген Шәкәрім университеті тарихын көз алдыңызға әкеледі.


Әнұран - кез келген жоғары оқу орнында бар. Ал жастарына жігер сыйлайтын күйі бар ЖОО - бұл Шәкәрім шаңырағы. Күй - Елбасымыз ұсынған Ұлы даланың жеті кереметтерінің бірі. Күйде даланың кеңдігі мен Шәкәрім шаңырағы кеңістіктігі бйнеленген. Күй - рухани көңіл күй сыйлайды. Күй рух береді.


Бірлігі жарасқан, тонның ішкі бауындай берік ұжым – Шәкәрім шаңырағы ұжымы баяу сырғыған өмір ағысына жыл сайын түлектерін ұшыруда. Шәкәрім шаңырағы жасай берсін! Идея авторы - профессор М.Ғ.Ескендіров. Күй авторы, елімізге, алыс-жақын шет елдерге белгілі күйші, еңбек жолын Шәкәрім шаңырағында жалғастырған дарынды ұстаз Айбек Бекбосынов.

 

Арай Қанапияқызы,

Шәкәрім университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,

философия докторы (PhD), қауымд. профессор


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу