Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
БІЛІМ
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Блогтар

28.09.2017
5223

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Бүгін Рысқұл Ойнаровтың «Қазақтар ғана қолданатын жуан дауыссыз дыбыс «ғ»-ны бүкіл дүние жүзі қолданатын жіңішке дауыссыз «g»-мен алмастыру  «ғ»-ның жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін», - деген қаупін Мұхтарбай екеуміз талдадық. Мен «к» мен «қ» дыбысын «k» арқылы, ал «г» мен «ғ» дыбыстарын «g» бір әріппен белгілеу бастапқы жобада болған. Кейбіреулерге мұндай қолданыс түсініксіздеу көрінеді. Нақтысында сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болуына байланысты қазақ сөзінде дауыстылардың әсерімен бұл дауыссыздар не қатты не жұмсақ айтылады. Қазаққа бұл заңдылықты бұзып айтудың өзі оңай емес. Мысалы «құл», «күл» деген сөздерді «қүл», «кұл» түрінде айту үшін қазаққа тілді әдейілеп бұрмалап, қиналу керек. Бірақ бір жаманы кириллицада орыс сөздері орысша жазылып, орысша айтылуы керек деген заңның арқасында бәріміз «ка», «ко», «га», «го», - деген тіркестерді  орысша айтуға әбден көселіп алдық. Демек, кейін «go», «ga» , - деген тіркестерді  орысша айтып, бара-бара «ғ» дыбысы жойылып кетуі әбден ықтымал екеніне көз жеткіздік. Мұқаң «Дыбыстарды жүйелеуді, буындарды айыруды балаға да, үлкенге де оңайлатамыз», деп жүріп дыбысты жоғалта жаздаған екенбіз. Асығыс жасаған тұжырымды өзгету керек. «г» дыбысн орнына қой. Басқалар да бас қатырмас үшін дұрыстап жазып қой», -деді. Қазақтың бетпердесіндей болған үш (қ, ғ, ң) дыбысқа ерекше, ағылшын тілінде басқаша оқылмайтын әріп керек!

Енді «Шіркін қ, ғ, ң дыбыстарына бірдей стильдегі әріп тапсам»,- деген арман туды.  Кім біледі табылар...

Әнұран мен ертегілердегі, жобадағы кестелерді жобадағы әріптермен алмастырдым.

https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/

https://massaget.kz/blogs/23008/ 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: