Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
ҚАРАСАЙ-ҚАЗИ, ХАН ӘДІЛ
Рейтинг: 0.000
ISBN:
Беттер саны:
0 бет
Жанр:
ҚАРАСАЙ-ҚАЗИ, ХАН ӘДІЛ
Ұсыну

Едігенің тұқымы Ер Мұсаның бәйбішесінен Орақ, Мамай туады. Тоқалдан тоғыз ұл: Әліш, Смайл, Тобаяқ, тағы басқалары туады. Орақ батыр болады да Мамай ел билеген хан болады. Тоқалдан туған балалары бұларды көре алмай, іштен бәсекелес болады. Орақ батыр тоқалдан туған інілерімен сыбайлас (көршілес) болады да Мамай Астраханда хан болып тұрады.

Күндердің күнінде Орақ батыр жорыққа аттанып, алты ай дегенде ауылға келеді. Тоқалдан туған Тобаяқтар Орақтың келгенін біліп, өзара кеңеседі. «Осы бүгін Орақты өлтіруге болады». Себебі Орақты өз алмасы болмаса, басқа қылыш кеспейді, оқ өтпейді екен. Тобаяқтардың ақылы былай болады: Түн ортасы ауғанда, Орақ әйелімен (Хұсылмен) ұйқтап жатқанда Орақтың алмасын ұрлап алып, есікке көлденең керіп қояды. Содан кейін көп жылқыны дүркіретіп қуады да: «Ойбай, Орақ батыр, елге жау келді!» – деп айқай салады. Сол уақытта Орақ батыр төсектен тұра жүгіріп, есіктен шыға бергенде, керіп қойған алмасқа ұшырап, ортасынан екі бөлінеді. Қасында жатқан әйелі ойбайлап: «Сен хұсылыңмен жауға жүгірме», – десе де оны тыңдамайды. Осы жағдайда жатқанда әйелі келіп, басын сүйеп, су беріп есін жиғызады. Есін жиғаннан кейін әйеліне: «Менің үш арманым бар, өзім бітіре алмаған сол үш арманымды Қарасай, Қази ержеткен соң орындасын», – деп тапсырады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар