Әдеби жәдігерлер 18 том Шариғат түсініктері
Бабырдың осы томды құрап отырған «Мубәййән дәр фикһ» («Шариғат түсініктері») еңбегінің түркі жазба әдебиетінде алар орны ерекше. Бабыр бұл шығармасында Ислам дінінің ұстындарын, иман негіздері мен шариғат шарттарын өлең сөзбен өрнектеген. Себебі ақын өмір сүрген орта – Исламның негізгі ағымдарынан саналатын сүнниттік және шиіттік бағыттардың өзара бәсекелесіп тұрған уақыты болатын. Хорасан мен Мәурәннәһрде негізінен, сүнниттік бағытты, соның ішінде, Имам Ағзам мәзһәбін ұстанатын мұсылман жамағаты өмір сүргенімен де, Иранға Шаһ Исмаил Хатаидың таққа келуімен, шиіттік ағым мемлекеттік дін болып жарияланады да, өзге жамағаттар ғақысым жасала бастайды. Осындай саяси-идеологиялық мәселелерді арыдан түсінген Бабыр дәстүрлі исламның негізгі ұстындарын өлең сөзбен жазуға кіріссе керек.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.