Әдеби жәдігерлер 17 том Атайи Диуан Ғазалдар
Оқырманға ұсынылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының 17-ші томына орта ғасырларда өмір сүрген көрнекті түркі ақыны Шайықзаде Атайидің «Диуан» атты ғазалдар кітабы еніп отыр.
Атайи мұрасына қызығушылық орта ғасырлардан басталған. Түркі халықтарының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи өзінің «Мәжәлисун-нәфәис» («Жақсылардың мәжілістері») атты шығармасында Атайи өмірінен деректер келтіріп, оның Исмайыл ата перзенттерінің бірі болғандығын айтады. Ал Исмайыл ата түркі ғұламасы Қожа Ахмет Иасауидің Ибраһим деген інісінің ұлы екендігін парсының ұлы ақыны Әбдірахман Жәми өзінің «Нәсәимул-мухәббәт мин шәмәил-футууәт» атты шығармасында атап өтеді. Қ.А. Иасауи ілімін жалғастырушылардың бірі болған Исмайыл ата қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат деген жерінде туған. Исмайыл атаның ұлы Атайи де осы жерде дүниеге келгенімен, өмірінің маңызды бөлігін сол замандағы өнер-білім мен ғылымның орталығы болған Балх және Герат қалаларында өткізген. Ақын туралы бұдан басқа деректер жоқ.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.