Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Əдеби жəдігерлер 1 том
Əдеби жəдігерлер 1 том
Рейтинг: 2.8
ISBN:
9965–806–68–3
Беттер саны:
504
Жанр:
Əдеби жəдігерлер 1 том

«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғаш рет қолға алынып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында көне түркі əдебиетінің сақ-ғұн заманынан жеткен үлгілері, Қытай жылнамаларындағы ежелгі түркілердің салт-дəстүрі мен тарихына, мəдениетіне байланысты тарихи баяндар, Түркі қағанаты тұсындағы əдеби жəдігерлер, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты атақты елбасылары мен қолбасшыларының түркі жұртының бірлігін сақтау жолындағы ерлік істеріне арналған жырлар, ІХ–Х ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері, «Оғыз-нама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», Əбунəсір əл-Фараби туындылары енгізілді.

Томда Моңғолия, Қытай, Алтай өңірі мен Қазақстаннан табылған көне түркі жазба жəдігерлері, қытайдың «Жиырма төрт тарих» атты ресми жылнамаларындағы көне түркілерге байланысты тарихи-мəдени баяндар, көне ұйғыр əрпімен түркі тілінде жазылған «Хуастуанифт» манихейлік дұғасы алғаш рет жарияланып отыр.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар