Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Жылқының көз жасы
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-212-040-0
Беттер саны:
320 бет
Жанр:
Эссе  Хикаят 
Жылқының көз жасы
Ұсыну

Белгiлi жазушы Нұрғали Ораздың «Жылқының көз жасы» атты кiтабына оның соңғы жылдары жазған жаңа әңгiмелерi мен хикаяттары енгiзiлiп отыр.

Нұрғали Ораз шығармаларының әдетте тiлi көркем, оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келедi. Бүгiнгi замандастарымыздың жан дүниесiн толғандырып жүрген көкейкестi мәселелердi жан-жақты қозғап, ұтымды да ұрымтал диалогтар арқылы талқыға салып отыратындығымен құнды. Қаламгер қай тақырыпқа қалам тартса да, оқырман қауымның жүрегiне жол тауып, әдеби ортада қызу талқыланып, жүрекжарды, ақадал пiкiрлердiң жиi айтылып жататындығы да содан болса керек.

Жазушының ауыл тақырыбына арналған әңгiмелерiнiң желiсi бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Әурелең» аталатын толықметражды көркем фильм түсiрдi. Ол «Хабар», «Қазақстан» және «Алматы» телеарналарында жиi көрсетiлетiн, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленген туынды болып шықты. «Қазақфильм» киностудиясы түсiрген үздiк фильмдердiң қатарынан өзiне лайықты орнын алды. Сондай-ақ жазушының «Қазақ әдебиетi» газетiнiң арнайы сыйлығына ие болѕан «Оңаша арал» атты әңгiмесi бойынша «Таң» телекомпаниясы да қысқаметражды фильм түсiрiп, көрермендерге ұсынды.

Оның «Адасқан жұлдыз» пьесасы халықаралық «Тәуелсiздiк толғауы» конкурсында жүлделi орынға ие болды. Ол 2010 жылдан берi Ғ.Мүсiрепов атындағы академиялық жастар театрында табысты түрде қойылып келедi. Сондай-ақ, жазушы осы театрдың тапсырысы бойынша өзiнiң «Бақ құсы» әңгiмесiнiң желiсi бойынша «Таудағы түн» атты жаңа дүние жазды. Ол да қазiр аталған театрдың сахнасында табыспен қойылуда.

Түйiндеп айтар болсақ, қазақ әдебиетiне өзiндiк үлес қосып келе жатқан қаламгердiң жаңа кiтабы қалың оқырман қауымның жүрегiне жол табады деп сенемiз.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар