Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Мыңжылдық жолаушы
Мыңжылдық жолаушы
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-209-197-7
Беттер саны:
528
Мыңжылдық жолаушы
Бұған дейін «Өнер» баспасынан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтəліпқызы Қыраубаеваның ғылыми зерттеу еңбектері мен шығармаларының 1, 2, 3, 4-томдары жарық көрген. А.Қыраубаева шығармаларының 5-томына автордың 60-жылдары жазылған көркем əңгімелері, кейінгі жылдардағы ғылыми мақалалары, сондай-ақ бүкіл-халықтық жиындар мен мерейтойларға арналып жазылған мақалалары мен сын-пікірлері енгізілді. Шығармашылығының алғашқы бастауы – көркем əңгімелерінің өзінен-ақ ұлттық мінез-құлық, салт-дəстүр көрініс береді. Қолда бар ғылыми мақалаларының ішінен басқа томдарына енбеген еңбектері екшелініп алынды. Өз мақалаларында бүкіл түркітектес халықтар əдебиетінің арғы бастаубұлағының бір екендігін дəлелдейді.

Осы 5-томның екінші жартысын Алма Қыраубаева жөніндегі естеліктер топтамасы құрайды. Оған А.Қыраубаевамен бірге қызмет істеген ұстаздардың, əдебиетші ғалымдардың жəне қоғамдық өмірдің түрлі саласында еңбек етіп жүрген шəкірттерінің, замандастары мен ағайын-туғандарының мақалалары, естеліктері мен өлең-жырлары енгізілді.

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ізденушілерге, жалпы əдебиет сүйер көпшілікке арналған.

Көп оқылғандар