Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Сезім
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-80190-5-0
Беттер саны:
208
Жанр:
Сезім

Бұл альбом Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер Академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕМУ-нің дизайн кафедрасының профессоры Тілеужан Батановтың шығармашылығын көрсетеді.

Суретші өз туындыларын жасай отырып, өнердің əр түріне, техникалар мен материалдарға жүгінеді. Осыған байланысты альбомның құрылымы негізінен үш иллюстрациялық материалдан: мүсін, акварельді туынды жəне майлы бояу кескіндемесінен тұрады. Альбом шын мəнісінде ретроспективті басылым бола отырып, суретшінің түрлі жылдардағы шығармашылығын айқындайды.

Тілеужан Бағыбайұлы өзінің сүйікті шығармашылығымен айналысатын талантты суретші ғана емес, ол сонымен бірге педагог. Ол Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының көркемөнер училищесінде сабақ берген, қазіргі уақытта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының профессоры. Оның жұмыстары көрсетілген альбом суретшілер мен дизайнерлерге ғана емес, студенттерге, оқырмандардың кең ауқымына да қызықты болады.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар