Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шертолғақ
Шертолғақ
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-302-058-7
Беттер саны:
354
Жанр:
Айтыс
Шертолғақ

Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің поэзия номинациясы бойынша бас жүлдегері, айтыс өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, халықаралық және республикалық жыр додаларының бірнеше дүркін жеңімпазы Дәу­леткерей Кәпұлының бұл жинағы – айтыс алаңындағы жемісті де жеңісті жылдарының нәтижелі бір қорытындысы.

Танымал жыр жүйріктерімен сөз сайыстары топтастырылған бұл жи­нақтағы ана тіліміздің ғажайып мүмкіндігі мен байлығын паш еткен келіс­ті де көркем сөз кестелері, тамаша теңеулер мен сурет-бояулар, қоғамда­ғы сан алуан көкейкесті мәселелерге қатысты салмақты пікір, салиқалы ойлар кім-кімді де тәнті етері сөзсіз.

Жинақ көпшілік жырсүйер қауымға арналған.

Көп оқылғандар