Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Фотоальбом
Фотоальбом
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-80504-0-4
Беттер саны:
320
Жанр:
Фотоальбом
ХХ ғасырда қазақ халқының сахналық және кино өнерін биікке алып шыққан тұлғалардың бірі – Сәбира Майқанова. Актриса 1914 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. 1932 жылы бүгінгі қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Содан бастап С.Майқанованың шығармашылық жолы театр тарихымен, оның өсу-өркендеу дәрежесімен біте қайнасып, кеңестік қоғам кезеңдерімен бірге сатылап өсті. Сахнадағы тұңғыш ролі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынайды орындаудан бастаған С.Майқанова кейіннен ұлттық, бүкілхалықтық және халықаралық мән-мағынасы зор М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ш.Айтматовтың, А.Чеховтың, Н.Гогольдің, А.Островскийдің, О.Иоселианидің, Ж.Мольердің, т.б. драмалық шығармаларындағы ондаған әйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен сомдады. Ол бүкілодақтық көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болған әлденеше кинофильмдерде басты рольдерді орындады. Халыққа сіңірген еңбегі үшін Сәбира Майқановаға Қазақстанның халық артисі (1958 ж.) және КСРО халық артисі (1970 ж.) атақтары беріліп, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана» спектакліндегі Толғанай ролін әлемдік сахналық деңгейде орындағаны үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы тапсырылды.
С.Майқанованың туылғанына 100 жыл толуына арналып дайындалған – театр және кино мұрағаттарынан, отбасынан және жеке адамдардан алынып, жинақталған бұл фотоальбом қазақ сахна өнері нағыз шеберінің өткен ғасырдан күні бүгінге дейін халық жадында тұрған біртұтас халықтық тұлғасын биік тұғырдан көрсетеді.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар