Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Еліне елеулі елбасы
Еліне елеулі елбасы
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7472-69-6
Беттер саны:
274
Жанр:
Сұхбат
Еліне елеулі елбасы
Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бəрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың əлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, əлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды.

Тəжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы бұл кітапта автор саясаткер тікелей ұлттың мүддесін көздесе, ұлтын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан тума дарынға ие болса жəне сол дарынын өз халқына қызмет етуге бағыштаса, көп нəрсе жасай алатынын көрсетуге тырысады.

Кітаптың біраз бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің негізгі кезеңдеріне арналады. Əрі соның бəрінің лейтмотиві кітап кейіпкерінің еңбекке деген көзқарасын, борышын сезінуін, отандастарына деген қамқорлығын көрсетеді.

Осы кітап оқырманға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұлғасын барынша жақсырақ танып-біліп, осынау тұлға басқарған мемлекеттің сəтті дамуының себебін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.

Кітапта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық шығармалары, сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауы кеңінен қолданылады.
Автор осы қолжазбамен танысып, бірнеше бағалы ескертулер жасаған жəне кітаптың шығуына жеке көмегі тиген Қазақстан Республикасының Тəжікстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловқа алғысын білдіруді өзіне парыз санайды.

Автор осы қолжазбамен танысып, бірнеше бағалы ескертулер жасаған жəне кітаптың шығуына жеке көмегі тиген Қазақстан Республикасының Тəжікстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловқа алғысын білдіруді өзіне парыз санайды.

Көп оқылғандар