Қайталанбас қас қағым... Том 2
Досан Жанботаның шығармалар жинағының екінші томына еніп отырған деректі эссе, новелла, повестер жинағы. Әңгіме арқауы бірімізге етене жақын, енді бірімізге атақ-даңқы, халқына жасаған игілікті ісі арқылы таныс адамдар өмірінің қас қағым сәттік келбет-кейпі, пенделік қарым-қатынасы. Бұл жинақта бес жылдықта асқан асу, белестері, атақ-даңқы, омырауына қадаған жұлдыз, орден, медалы жайлы баяндалмайды. Ағалардың таза адами келбеті. Әрқайсысының ХХ ғасыр тарихынан алар орны бар.
Бағаласақ, көзінің тірісінде-ақ өздеріне-өздері ескерткіш қойған. Енді оларға біздің мадақ, мақтауымызда қажет емес тәлімдік тәрбие болар, ертеңгі өсер ұрпақтарға керек. Автор пәленнен естідім, түген айтты демейді. Өзі ол адамдармен сыйласқан, дидарласқан. Сол енді қайталанбас өмірдің қымбат көрінісін Сіздердің назарларыңыза ұсынып отыр. Бір шоғыры баспадан жарық көрген жинаққа шыққан, ал енді бір шоғыры газет, журналдарда басылып жарық көрген...
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Қуандық Шамахайұлы. Кішкентай адам
Тірісінде тіресіп, аруағында ардақтап
Қуат Қиықбай. Бесік жыры
Алмагүл Шималова. Ақберен (ертегі)
Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы
Бекзат Думанұлы. Сенгім келіп тұрады ғажайыпқа
Қуандық Шамахайұлы. Мұқанның көршісі
Неліктен Қайым – Қадырға, Семей – Батысқа айналды?
Әлібек Асқаров. Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Қуандық Шамахайұлы. Пысық жігіт
Бауыржан Игілік: Жайнамаздай қастерледім қағазды
Назерке Серікқызы. Тәңір естіп қояды...
Тіл ғұламасы Әсет Болғанбаев
Гүлнұр Қасымзада. Күнім
Мұхтар Мағауин. Естеліктер кітабы. Мұқағали Мақатаев