Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Кітаптар
Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары.
Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары. - adebiportal.kz
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-302-217-8
Беттер саны:
326 бет
Жанр:
Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары.
Ұсыну
Монографиялық еңбекте түркілерде жүйелі дамыған мемлекеттілік болмаған деген тезисті негіздеу мақсатында олардың тарихын үзік-үзік етіп көрсетуге тырысқан бұрынғы Кеңес тарихнамасының сыңаржақты идеологиялық нұсқауын автор ортағасырлардағы жоғары өркениетті қоғамдық қатынастардың озық үлгісін жасаған Қарлық мемлекетінің Қарахандар әулеті билеген қала-мемлекеттерге ұласуын дәлелдеу арқылы жоққа шығарады. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда – Ұлы Жібек жолындағы күрделі жер иеленушілік пен көшпелілердің өзара тығыз ықпалдастығы мен байланысын орнатқан, мәдени-рухани дамуында – мұсылмандық ренессансты бастан кешірген қоғам – ортағасырлық түркілердің «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясының саяси-философиялық және мемлекеттік-құқықтық негіздерін жасаған әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұн сияқты ғұлама тұлғалардың шығуына ықпал етті.

Сонымен қатар Қарлық – Қарахан мемлекеттерінің бұл даму үрдісі кейін Орталық Азияда Қазақ, Қырғыз, Түркмен және Өзбек хандықтары мен халықтарының қалыптасуына алып келді. Бүгінде түркі этностары Орталық Азия тұратын халықтардың басым бөлігін құрайтындықтан, бұл еңбек осы аймақтағы, оның ішінде Қазақстандағы этносаралық қатынастардың тұрақтылығы мен толеранттылықты және ортақ түркілік тарихи сананы қалыптастыруға өз үлесін қосуы тиіс.

Кітап тарихшыларға, түркологтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Этно- мәдени бірлестіктердің өкілдеріне және жас ғалымдарға, студенттерге арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар