Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Дала толғауы
Дала толғауы
Рейтинг: 1
ISBN:
978-9965-822-98-8
Беттер саны:
0
Жанр:
Дала толғауы
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қазақстанның Мәдениет қайраткері Жақсылық Рахматулла саналы өмірін руха-
ният саласында еңбек етуге арнаған. Жазушының «Меңсұлу» романы, «Алыстай
берген аяулым», «Кие» хикаяттар мен әңгімелер жинағы оқырмандардан жақсы
баға алған. Оның 7 кітабы, 2 публицистикалық жинағы кітап болып басылған.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесіне тарту еткен бұл шығармасы Сыр бойы зи-
ялы қауым өкілдерінің, өзге көршілес аймақтардағы руханият өкілдерінің өмірі
мен ой-толғамы жайлы сыр шертеді. Сыр өңіріндегі Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарындағы іс-қимылы, ой-толғамындағы өзгерістер баяндалады.
Жазушы Жақсылық Рахматулланың «Дала толғауы» кітабы адам өмірінің әр
қилы құбылыстарын бейнелейді. Оқырманды туған дала табиғатынан ізгілік пен
зұлымдықтың, махаббат пен ғазабаттың қуанышы мен қайғысын тең татқан заман-
дастар тағдыры еріксіз толғандырады. «Жала мен жаза», «Алтын күрек», «Сағым
жылдар», «Қоғалы» хикаяттары мен «Кие», «Үш жігіттің әңгімесі» шығармалары
мазмұн байлығымен, көркем тілімен бағалы болса, қарасөздің көсемі Ғ.Мүсірепов,
жыр алыбы Жамбыл, ақын әрі әнші Құтбай Дүрбаев, алаш ардақтысы Ахмет ишан
туралы эсселер тың деректері мен ой-пікірлерінің өткірлігімен тартымды.
Автор жаңа кітабында адамдарды туған дала тіршілігін экологиялық апаттан
сақтауға үндейді, жастарды азғындық пен қатігездіктен сақтандырады.
Кітап жеңіл оқылады, тілі жатық, көтерген мәселесі ауқымды. Ол барша
оқырманға арналған.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар