Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Сенім - adebiportal.kz
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-06-2143-5
Беттер саны:
532 бет
Жанр:
Сенім
Ұсыну

Белгілі қазақ жазушысы Зейін Шашкиннің таңдамалы шығармалар кітабына оның «Теміртау» (1960) және «Сенім» (1966) романдары енген. Қазақстан Магниткасының еңбеккерлері туралы баяндайтын «Теміртау» романының бас кейіпкерлері – жас металлургтер Дәмеш, Ораз және Қайыр. Олардың өзара қарым-қатынастары өндірістік мәселелер аясында өрбиді. Жазушының психологиялық шеберлігі арқасында кейіпкерлер бүкіл қыры-сырымен, қайшылығымен жан-жақты көрсетілген, шығарманың сюжеті тез өрбіп отырады, оқиғалар еркін және қызықты баяндалған.

«Сенім» романында ел мен жер тағдырырына қатысты мәселелер, жерді көздің қарашығындай сақтау қажеттігі сөз болады. Зейін Шашкин тың науқаны басылмай тұрған кезде шабындық жерлерді беталды жыртудың жөнсіздігі, жердің азуы, эрозиясы секілді мәселелерді романның бас кейіпкері агроном Нұрлан Сенбиннің бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде тұңғыш көтереді.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқау

09.08.2022
238
Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының

Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы

10.08.2022
148
Абайдың әдеби мұралары кейінгі екі ғасыр жүзінде әлемнің көптеген тіліне аударылып, шетелдік оқ