Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-209-186-1
Беттер саны:
464 бет
Жанр:
Эссе 
Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы
Ұсыну

Дүние дөңгелеп, заманалар зырғып, мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстанның «Мәдени мұра» бағдарламасымен «Қазақтың мың әні мен мың күйі» жарыққа шығып, әлемге паш етілді. Осы тұста Қорқыт Ата, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей, Байсерке, Сүгір сынды күй тарландары мен Ақан, Біржан, Мұхит, Әсет, Естай, Жаяу Мұса, Кененсе кілді халықтың ән дәстүрлерін уақыт ағымымен алға апарушы дарабоздар дың өткен ғасырдың екінші жартысындағы ту ұстаушысы – композитор Шәмші Қалдаяқов жөнінде көрнекті жазушы Еркінбай Әкімқұлов өзінің замандық терең толғаныспен жазылған роман-эссесін алға тартып отыр. Автор осы роман-эссенің кейіпкері – қазақтың дара тұлғалы ақеділ композиторы Шәмші Қалдаяқовпен албырт жастық шақ кезеңдерін: небір жарқын жылдары мен айтулы күндерін бірге өткізген және соның бәрін мықтап жадында тұтқан. Әйгілі қаламгердің осы өмірбаяндық шығармасы – ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандары үшін Шәмші Қалдаяқовтай биік тұлғаны көркем ой-көсемсөзбен өрнектеп жасаған ордалы ескерткіш.

Бұл шығарма «Шәмші Қалдаяқовтың әндері...» десе, бөркін аспанға ататын, тойлар мен сахналарда оның әсем әуендерін дүркірете айта жүріп, композитордың жеке өмірін терең білгісі келетін қалың қазақ қауымына арналып отыр.

Шығарма бастан-аяқ Шәмшінің өз атынан өрбиді.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар