Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Рухнама 3 том
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-9965-22-411-9
Беттер саны:
512 бет
Жанр:
Жыр 
Рухнама 3 том
Ұсыну
Рух. Руханият... Адамзаттық қана емес, бәлкiм, әлемдiк күш, қуат, құдiрет бұл. Оны көру, ұстау, қалыптау, анықтау мүмкiн емес, түйсiну, исiну, сезiну керек болар... Ғылыми түсiнiк, адами анықтама беру де қиын. Хақ тағаладан үнемi уахи алып тұрған пайғамбарымыз Расулулланың өзi де Рух хақында толық мағлұмат бiлдiрмеген. Құранда да бұл жәй қысқа да нұсқа: «Сенен Рух туралы сұрап жатыр. Оларға айт: Рух – Алланың әмiрiнен. Рух туралы сендерге аз мағлұмат берiлдi» делінген.
Демек, Рух өз бойымызда, болмысымызда бола тұрып бiзге құпия, тылсым, жұмбақ, бiрақ беймәлiм емес. Беймәлiм болмағаны үшiн де бiз оны сезiнемiз, түйсiнемiз. Кеудемiздегi жан бола ма, бiр жұтым ауа бола ма, Жаратушы ие оны бiздiң тұла бойымызға дарытқан. Жаратушы иенiң сол аманатын аяқасты еткен адам не ұлт-ұлыс ешуақытта оңалмақ емес, керiсiнше, тоналғаны – тоналған. «Ақынның аузына Алла сөз салатыны» рас болса, үнсiз, мұңсыз жүру бiзге де сын. Содан да кiтап атын «Рухнама» деп қойдық. Алла кешiрсiн...

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар