Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері
Рейтинг: 2.000
Автор:
ISBN:
978-601-294-128-9
Беттер саны:
288 бет
Жанр:
Очерк 
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері
Ұсыну

Ұжымдық еңбекте Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі музыка өнерінің болмысы мен көркемдік ағымдары ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Мұнда бірыңғай концепцияда жүйеленген, жан-жақты ашылып жазылған көлемді ғылыми очерктер мағыналы және мәнді мәдени құбылыстарды қамтып, зерттеу нысанына айналған. Сонымен қатар, оларға тән тақырыптық, жанрлық,стильдік сипаттары айқындалды. Бұл күрделі және өзекті мәселелерді саралау барысында еңбек екі бөлімге жіктеліп, оның біріншісінде – дәстүрлі музыка түрлері (үйлену әдет-ғұрып әндері, қобыз және домбыра күйлері, айтыс және әншлік орындаушылық өнері), ал екіншісінде – кәсіби жазба музыка өнерінің (опера, көпшілік қауымға арналған ән, эстрада, оның ішінде поп, рок музы- касы, ДЭККО, эстрада үлгісіндегі ысқышты аспапта орындаушылық өнері) қазіргі уақыттағы жағдайы пайымдалған.

Басылым музыкатанушы және мәдениеттанушы мамандарға, музыкалық және педагогикалық жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, сондай-ақ ұлттық өнердің қазіргі кездегі ахуалына қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар